https://sputnik.kz/20240811/enbekkz-qurylys-salasynda-3000-bos-oryn-ashyldy-46229100.html
Enbek.kz: құрылыс саласында 3000 бос орын ашылды
Enbek.kz: құрылыс саласында 3000 бос орын ашылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Елде 190-ға жуық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы құрылыс саласы мамандарын дайындайды, деп хабарлайды 24KZ. 11.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-11T20:09+0500
2024-08-11T20:09+0500
2024-08-11T20:09+0500
құрылыс
мамандықтар
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/14/15245379_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_d66bdc7196fdbd2f754469e688ad9721.jpg
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Елде 190-ға жуық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы құрылыс саласы мамандарын дайындайды, деп хабарлайды 24KZ. Алайда нарықтағы сұраныс шешілген жоқ. Әсіресе дәнекерлеуші, электрик, кран жүргізушілер тапшы. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше елдегі 20 мың студент құрылыс бағытында білім алып жатыр. Былтыр түлеп ұшқан 5 мыңға жуық маманның 91% жұмысқа орналасқан. Алайда нарықтағы маман тапшылығы күн тәртібінен түскен жоқ. Қазірдің өзінде Enbek.kz порталында 3 мыңға жуық бос орын жарияланған. Әсіресе жол құрылысшылары, тас қалаушы, инженерлерге сұраныс көп.Аймақтардағы маман тапшылығына қарай мемлекеттік тапсырыс беру қолға алынды. Енді түлектердің бірыңғай хабын түзу қажет. Бұл – Қазақстанның құрылысшылар қауымдастығының ұсынысы. Ол тізімнен білікті мамандар мен нақты тапшылықты айқын көруге мүмкіндік болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/14/15245379_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_9c34dcd5e9b420b8bc6875708cbb8661.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылыс, мамандықтар
Enbek.kz: құрылыс саласында 3000 бос орын ашылды
АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Елде 190-ға жуық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы құрылыс саласы мамандарын дайындайды, деп хабарлайды
24KZ. Алайда нарықтағы сұраныс шешілген жоқ. Әсіресе дәнекерлеуші, электрик, кран жүргізушілер тапшы.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше елдегі 20 мың студент құрылыс бағытында білім алып жатыр. Былтыр түлеп ұшқан 5 мыңға жуық маманның 91% жұмысқа орналасқан. Алайда нарықтағы маман тапшылығы күн тәртібінен түскен жоқ. Қазірдің өзінде Enbek.kz порталында 3 мыңға жуық бос орын жарияланған. Әсіресе жол құрылысшылары, тас қалаушы, инженерлерге сұраныс көп.
Аймақтардағы маман тапшылығына қарай мемлекеттік тапсырыс беру қолға алынды. Енді түлектердің бірыңғай хабын түзу қажет. Бұл – Қазақстанның құрылысшылар қауымдастығының ұсынысы. Ол тізімнен білікті мамандар мен нақты тапшылықты айқын көруге мүмкіндік болады.