Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ресей МАГАТЭ-ні Курск АЭС-індегі жағдай туралы хабардар етті

© PhotoФлаг МАГАТЭ
Флаг МАГАТЭ - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Мәскеу МАГАТЭ-ні Украина қарулы күштерінің Курск облысына шабуыл жасау әрекетіне байланысты Курск атом электр станциясындағы жағдай туралы хабардар етті, деп хабарлады Ресейдің Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілдігі Telegram каналында.
"8 тамызда станцияда, соның ішінде радиоактивті қалдықтарды өңдеу кешенінің аумағында сынықтар мен қалдықтар табылды – болжам бойынша олар құлатылған зымырандардың фрагменттері болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Жұма күні кешке Ресей Қорғаныс министрлігі Курск облысында украиналық ұшақ типіндегі төрт дрон атып түсірілгенін хабарлады. Оның сынықтары трансформаторлық қосалқы стансаға құлап, салдарынан Курчатов қаласына электр беру уақытша тоқтатылды. Онда Курск атом электр станциясы бар, ол Украинаның Сумы облысымен шекарадан шамамен 70 шақырым жерде орналасқан.
Жаңалықтар
0