https://sputnik.kz/20240810/magistraturaga-tusuge-arnalgan-keshendi-testileudin-qorytyndysy-shyqty-46210826.html
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің қорытындысы шықты
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің қорытындысы шықты
Sputnik Қазақстан
Тестілеу қорытындысы бойынша 149 қатысушының нәтижесі жойылды 10.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-10T13:40+0500
2024-08-10T13:40+0500
2024-08-10T13:40+0500
магистратура
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37177154_0:103:3275:1945_1920x0_80_0_0_27b504a80a92e47b4815613da6a18ecc.jpg
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуді 39 мыңнан астам адам тапсырды. Олардың 43%-ы шекті балл жинады, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.Орташа көрсеткіш – 75 балл. Ең жоғары балл – 132.Ал кешенді тестілеу кезінде ережені бұзғаны үшін аудиториядан 41 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.Кешенді тестілеуге кіргізудің үш деңгейлі жүйесінің арқасында 3 бөгде тұлға анықталды. Сондай-ақ тестілеу бейнежазбаларын қайта тексеру нәтижесінде 4 адамның балы жойылды.Айта кетері, ереже бұзушылық өткен жылмен салыстырғанда (2023 жылы – 281) шамамен екі есеге азайды.Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет. Магистратурада оқуға 13 мың грант бөлінді.
https://sputnik.kz/20240810/bugin-tamyz-ayynda-otetin-ubt-bastaldy-46210030.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1f/37177154_273:0:3004:2048_1920x0_80_0_0_77d01dc3bd2bf460051cd7e732721e03.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
магистратура
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің қорытындысы шықты
Тестілеу қорытындысы бойынша 149 қатысушының нәтижесі жойылды
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуді 39 мыңнан астам адам тапсырды. Олардың 43%-ы шекті балл жинады, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Орташа көрсеткіш – 75 балл. Ең жоғары балл – 132.
"Тестілеу қорытындысы бойынша 149 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 101 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды", - деп жазылған хабарламада.
Ал кешенді тестілеу кезінде ережені бұзғаны үшін аудиториядан 41 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.
Кешенді тестілеуге кіргізудің үш деңгейлі жүйесінің арқасында 3 бөгде тұлға анықталды. Сондай-ақ тестілеу бейнежазбаларын қайта тексеру нәтижесінде 4 адамның балы жойылды.
Айта кетері, ереже бұзушылық өткен жылмен салыстырғанда (2023 жылы – 281) шамамен екі есеге азайды.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет. Магистратурада оқуға 13 мың грант бөлінді.