Әскерге барып келгендерге тегін грант беріледі

© Sputnik / Тимур БатыршинТоржественное мероприятии в честь Дня защитника отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2024
Жазылу
Олар Қазақстанның 40 университетінде тегін оқи алады
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Еліміздің белді университеттерінің бірінде білім алып жатқан ақтөбелік Нұрлан Сайлаубай әскерге барып келгеннен кейін тегін оқуға мүмкіндік алған, деп хабарлады 24.kz.
ITмамандығын ақысыз меңгеріп жүрген ол болашақта көпшілік тұтынатын мобилді қосымшаны іске қоспақ. Арманындағы кәсіп иесі атануына Отан алдындағы әскери борышын өтеуі зор мүмкіндік берген
Десанттық шабуылдаушы бригада құрамында шыңдалған ол жоғары шенді офицерлердің мақтанышына да айналған.
"Армияда жүрген кезде Қазақстанның 40 университетінде тегін оқуға мүмкіндік берді. Біз одан кейін өзіміз қалаған оқуды таңдап алып, түстік. Мен мысалы батысты таңдадым, Досмұхамбетов университетін. Оқуға өздері шақырды. Бәрі тегін, жатақханасы бар. Армияға қалай бардың, солай мүмкіндік берілді. Ол өте жақсы мүмкіндік. Көбісі түсе алмай жатыр. Одан да әскерге барып келіп, тегін оқуға түскен жөн", - дейді Нұрлан Сайлаубай.
Жаңалықтар
0