Орталық Азия мемлекеттері басшылары 8 құжатқа қол қойды

© Sputnik / Санат ИмангалиевЗаседание мажилиса
Заседание мажилиса  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша президенттер бірқатар құжаттарға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
1. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуінің қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесі;

2. "Орталық Азия – 2040" аймақтық кооперацияны дамыту тұжырымдамасы;

3. Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуінің "Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Миромонович Мирзиёевті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Құрмет белгісімен марапаттау туралы" шешімі.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Бірлескен мәлімдемесі арқылы мынадай құжаттар мақұлданды:

1. Аймақтық ынтымақтастықты дамыту бойынша 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы;

2. Орталық Азия мемлекеттерінің өндірістік кооперациясын дамыту бойынша 2025-2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуі аясында ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:

1. Орталық Азия мемлекеттерінде көлік-логистикалық орталықтарын дамыту жөнінде өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Орталық Азия мемлекеттері энергетика министрлерінің бірінші кездесуінің қорытындысы бойынша коммюнике;

3. Орталық Азия мемлекеттері көлік министрлерінің екінші кездесуінің Астана коммюникесі.
Жаңалықтар
0