Олимпиада: Юсуп Батырмырзаев бірінші белдесуде ұтылды

Олимпиада-2024 - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Қазақстандық палуан Юсуп Батырмырзаев Париж Олимпиадасында бірінші белдесуде ұтылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Батырмырзаев поляк палуаны Роберт Баранмен кездесті. Белдесудің басында қазақстандық спортшы баяу қимылдағаны үшін ескерту алды. Бірақ жарты минуттың ішінде әдіс жасай алмады. Ал қарсыласы бір ұпай алды. Белдесудің екінші бөлімінде Баран ескерту алды. Ол да сәтті әдісін іске асырмады. Есеп теңесті. Бірақ Батырмырзаев тағы бір ескерту алып, қайтадан бір ұпай беріп қойды. Ал ең соңында Баран бір әдісті жасап, екі ұпайға ие болды. Қорытынды есеп: 4:1.
Айта кетері, Батырмырзаев еркін күресте 125 келіге дейін салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Бұған дейін Мейрамбек Қартбай (57 келі) мен Азамат Дәулетбеков (86 келі) Париж Олимпиадасында ұтылып, жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Казахстанский таеквондист Батырхан Толеугали - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2024
Олимпиада - 2024: Батырхан Төлеуғали ширек финалға шыға алмады
Жаңалықтар
0