https://sputnik.kz/20240809/duniezhuzilik-koshpendiler-oyyndary-dubirli-dodadynyn-bastaluyna-30-kun-qaldy-46196554.html
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: дүбірлі додадының басталуына 30 күн қалды
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: дүбірлі додадының басталуына 30 күн қалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. 2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Жарысқа әлемнің 89 елінен 2 мыңнан... 09.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-09T14:17+0500
2024-08-09T14:17+0500
2024-08-09T14:17+0500
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
https://sputnik.kz/img/07e8/08/02/46052157_0:144:960:684_1920x0_80_0_0_20e50d9f9eedeca4f86d9c9b3114bd0d.jpg
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. 2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Жарысқа әлемнің 89 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясына сілтеме жасап.Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасы аясында спорттың 21 түрі бойынша жарыстар өткізу жоспарланған.Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек түрлері бойынша жарыстар, садақ ату, құстармен аң аулаудың ұлттық түрлері, ат жарыстары, халық ойындары бар.Тікелей Астанада "Көшпенділер әлемі" этноауылы ашылады, онда әрбір келуші қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерімен, сондай-ақ қатысушы елдердің өзіндік мәдениетімен таныса алады.Күн сайын этноауылға елорданың 10 мыңнан астам тұрғыны мен қонағы бара алады. Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары "Ұлы Дала дүбірі" ұранымен өтеді.Сонымен қатар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 9-11 қыркүйекте Ұлттық музейде "Көшпенділер: тарих, білім, сабақтар" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция "Тарих және мәдениет", "Спорт ғылымы" және "Орталық Азия көшпенділерінің тамақтануы" секцияларынан тұрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/02/46052157_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_a62428ee4d0e24c226357c32bdf77f37.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. 2024 жылдың 8-13 қыркүйегі аралығында Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Жарысқа әлемнің 89 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысады. Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясына сілтеме жасап.
Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасы аясында спорттың 21 түрі бойынша жарыстар өткізу жоспарланған.
Олардың қатарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек түрлері бойынша жарыстар, садақ ату, құстармен аң аулаудың ұлттық түрлері, ат жарыстары, халық ойындары бар.
Тікелей Астанада "Көшпенділер әлемі" этноауылы ашылады, онда әрбір келуші қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерімен, сондай-ақ қатысушы елдердің өзіндік мәдениетімен таныса алады.
Күн сайын этноауылға елорданың 10 мыңнан астам тұрғыны мен қонағы бара алады. Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары "Ұлы Дала дүбірі" ұранымен өтеді.
Сонымен қатар 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 9-11 қыркүйекте Ұлттық музейде "Көшпенділер: тарих, білім, сабақтар" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция "Тарих және мәдениет", "Спорт ғылымы" және "Орталық Азия көшпенділерінің тамақтануы" секцияларынан тұрады.