https://sputnik.kz/20240809/berdimukhamedov-toqaevty-turikmenstanga-shaqyrdy-46202539.html
Бердімұхамедов Тоқаевты Түрікменстанға шақырды
Бердімұхамедов Тоқаевты Түрікменстанға шақырды
Sputnik Қазақстан
Түрікменстан Қазақстанмен ынтымақтастыққа баса мән береді 09.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-09T17:32+0500
2024-08-09T17:32+0500
2024-08-09T17:32+0500
түрікменстан
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/08/09/46202113_0:63:1281:783_1920x0_80_0_0_4212cda6d07508e3d9458050e11000bc.jpg
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Қазақстанға келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.Президент қазақ-түрікмен қарым-қатынасы табысты дамып келе жатқанын, сондай-ақ стратегиялық әріптестік сипатына толық сай екенін атап өтті.Сердар Бердімұхамедов қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сонымен қатар екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды"Түрікменстан Қазақстанмен ынтымақтастыққа баса мән береді. Елдеріміз арасында белсенді саяси диалог орнаған. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстар жандануда. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз биыл күзде Түрікменстанға ресми сапармен келесіз деп күтемін. Сондай-ақ Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдық мерейтойына арналған халықаралық форумға қатысуға шақырамын", – деді Түркіменстан президенті.Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономика, энергетика, мұнай-газ және көлік-логистика салаларындағы қазақ-түрікмен ынтымақтастығының даму перспективасын талқылады. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық қатынастарды кеңейту мәселесін қарастырды.
түрікменстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/09/46202113_76:0:1203:845_1920x0_80_0_0_e5ee51dd1d53f27f185fb9a8618b8f1c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түрікменстан, қасым-жомарт тоқаев
түрікменстан, қасым-жомарт тоқаев
Бердімұхамедов Тоқаевты Түрікменстанға шақырды
Түрікменстан Қазақстанмен ынтымақтастыққа баса мән береді
АСТАНА, 9 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VI Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Қазақстанға келген Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесу өткізді, деп хабарлады Ақорда.
Президент қазақ-түрікмен қарым-қатынасы табысты дамып келе жатқанын, сондай-ақ стратегиялық әріптестік сипатына толық сай екенін атап өтті.
"Бұған дейін айтқанымдай, экономикалық ынтымақтастығымыздың деңгейі жоғары. Үкіметтер өзара сауда көлемін 1 миллиард долларға жеткізу үшін жұмыс істеп жатыр. Бұған елдеріміздің барлық мүмкіндігі бар. Энергетика, өнеркәсіп, көлік, логистика және басқа да салалардағы бірқатар жоба жүзеге асыру сатысында тұр. Мәдени-гуманитарлық байланыстарды арттыруға да қолайлы жағдай жасалған", – деді Тоқаев.
Сердар Бердімұхамедов қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сонымен қатар екі ел арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды
"Түрікменстан Қазақстанмен ынтымақтастыққа баса мән береді. Елдеріміз арасында белсенді саяси диалог орнаған. Сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстар жандануда. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз биыл күзде Түрікменстанға ресми сапармен келесіз деп күтемін. Сондай-ақ Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдық мерейтойына арналған халықаралық форумға қатысуға шақырамын", – деді Түркіменстан президенті.
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономика, энергетика, мұнай-газ және көлік-логистика салаларындағы қазақ-түрікмен ынтымақтастығының даму перспективасын талқылады. Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық қатынастарды кеңейту мәселесін қарастырды.