Тоқаев Өзбекстан президентін Ақордада қабылдады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті Ақордада қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мирзиёев Ақордаға кортежбен келді. Тоқаев оны Ақорданың ішінде қарсы алды. Президенттер алдымен екі жақтың делегацияларымен танысып шықты. Одан кейін Қазақстан мен Өзбекстанның әнұраны шырқалды.
Президенттер екі жақты және кеңейтілген форматта келіссөздер өткізеді. Соның қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады.
Өзбекстан президенті Қазақстанға кеше ұшып келді. Оны Тоқаев елорда әуежайында өзі қарсы алды.
Астанада "Қазақстан – Өзбекстан" бизнес форумы ұйымдастырылды. Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің айтуынша, екі ел өзара сауда айналымын $10 млрд жеткізуді көздейді.
Жаңалықтар
0