https://sputnik.kz/20240808/toqaev-biz-tabigi-resurstarga-taueldilikten-birtindep-aryluymyz-qazhet-46159321.html
Тоқаев: Біз табиғи ресурстарға тәуелділіктен біртіндеп арылуымыз қажет
Тоқаев: Біз табиғи ресурстарға тәуелділіктен біртіндеп арылуымыз қажет
Sputnik Қазақстан
Орталық Азияның жер жүзіндегі ең маңызды көлік-логистика және транзит хабтардың біріне айналуға толық мүмкіндігі бар 08.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-08T14:55+0500
2024-08-08T14:55+0500
2024-08-08T14:55+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e8/06/03/44719497_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_2a89644bd3d1f3d7b26fb5d4112fc437.jpg
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Орталық Азияның айналасында күрделі әскери-саяси ахуал сақталып отырған қазіргі жағдайда қорғаныс саясаты мен қауіпсіздік саласында бірлесе әрекет жасау қажет. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Егемен Қазақстан газетінде жарық көрген мақаласында айтты."Өңірлік қауіпсіздік жүйесін құру, оның ішінде Орталық Азияның қауіпсіздігіне байланысты сын-қатерлер тізімін және оның алдын алу шараларын әзірлеу мәселесі өте өзекті", - деп жазды президент.Оның айтуынша Орталық Азияда біртұтас қауіпсіздік кеңістігін қалыптастыру, бұрыннан бар және жаңадан пайда болған қауіп-қатерлерге қарсы күресуге қатысты негізгі түйткілдерді шешетін кешенді тәсілдер қарастыру, халықаралық, өңірлік ұйымдармен белсенді ықпалдастық орнату аймақтағы мемлекеттердің ең басты басымдықтары саналады.Екіншіден экономикалық әлеуетті одан әрі арттырып, ықпалдастықты тереңдету қажет.Елдеріміздің жалпы аумағы – 3 882 000 шаршы шақырым, халқының саны 80 миллионнан асады, ал ішкі жалпы өнімі 450 миллиард долларға жуықтайды. Әлемдегі уран қорының шамамен 20, мұнайдың 17,2, табиғи газдың 7 пайызы – біздің аймақтың еншісінде. Орталық Азия көмір өндіруден әлемде 10-шы, электр энергиясын өндіруден 19-орында тұр."Біз табиғи ресурстарға тәуелділіктен біртіндеп арылуымыз қажет. Осы ретте медиа, кино, музыка, дизайн, білім беру және ақпараттық технологиялар саласын қамтитын креативті индустрия мен цифрландыру ісі экономикаға тың серпін беретін күшке айнала алады. Өңір елдерінің осы бағытта бірлескен жобалар әзірлеуге әлеуеті де жетеді", - деп атап өтті Тоқаев.Өңірдің жер жүзіндегі ең маңызды көлік-логистика және транзит хабтардың біріне айналуға толық мүмкіндігі бар.Орталық Азия аймағы күн өткен сайын жаһандық көлік қатынастарының басты тармағына айналып келеді. Бұл ретте ең алдымен, Қытайдың бастамасымен қолға алынған, болашағынан зор үміт күттіретін "Бір белдеу, бір жол" жобасын және "Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізін атап өтуге болады. Бұл жобаларға өңірдегі елдердің бәрі белгілі бір деңгейде қатысып жатыр.Қазақстанда теңіз инфрақұрылымының, яғни Ақтау және Құрық айлақтарының дамуына байланысты жаңа мүмкіндіктер ашылып жатыр. Аталған порттар арқылы Қытайдан, Орталық Азия елдерінен Оңтүстік Кавказға, Түркияға, одан әрі Еуропаға жөнелтілетін жүк көлемі артып келеді.Қазір Ауғанстан аумағы арқылы өтетін көлік дәліздерін ашу қарастырылып жатыр. Бұл қадам Оңтүстік Азия елдерінің әлеуеті мол нарықтарына және Үнді мұхитындағы айлақтарға шығуға жол ашады. Бұған осы өңірдегі бүкіл ел мүдделі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/03/44719497_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_e30036c5d977d1e37a3df45fc8f7b132.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев: Біз табиғи ресурстарға тәуелділіктен біртіндеп арылуымыз қажет
Орталық Азияның жер жүзіндегі ең маңызды көлік-логистика және транзит хабтардың біріне айналуға толық мүмкіндігі бар
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Орталық Азияның айналасында күрделі әскери-саяси ахуал сақталып отырған қазіргі жағдайда қорғаныс саясаты мен қауіпсіздік саласында бірлесе әрекет жасау қажет. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Егемен Қазақстан газетінде жарық көрген
мақаласында айтты.
"Өңірлік қауіпсіздік жүйесін құру, оның ішінде Орталық Азияның қауіпсіздігіне байланысты сын-қатерлер тізімін және оның алдын алу шараларын әзірлеу мәселесі өте өзекті", - деп жазды президент.
Оның айтуынша Орталық Азияда біртұтас қауіпсіздік кеңістігін қалыптастыру, бұрыннан бар және жаңадан пайда болған қауіп-қатерлерге қарсы күресуге қатысты негізгі түйткілдерді шешетін кешенді тәсілдер қарастыру, халықаралық, өңірлік ұйымдармен белсенді ықпалдастық орнату аймақтағы мемлекеттердің ең басты басымдықтары саналады.
Екіншіден экономикалық әлеуетті одан әрі арттырып, ықпалдастықты тереңдету қажет.
"Өңірдегі мемлекеттердің бірлескен күш-жігері мен қуатты экономикалық әлеуетінің арқасында Орталық Азия аумағы сауда, инвестиция, ғылым және инновация саласында зор мүмкіндіктері бар кеңістікке айналып отыр", - деп толықтырды мемлекет басшысы.
Елдеріміздің жалпы аумағы – 3 882 000 шаршы шақырым, халқының саны 80 миллионнан асады, ал ішкі жалпы өнімі 450 миллиард долларға жуықтайды. Әлемдегі уран қорының шамамен 20, мұнайдың 17,2, табиғи газдың 7 пайызы – біздің аймақтың еншісінде. Орталық Азия көмір өндіруден әлемде 10-шы, электр энергиясын өндіруден 19-орында тұр.
"Біз табиғи ресурстарға тәуелділіктен біртіндеп арылуымыз қажет. Осы ретте медиа, кино, музыка, дизайн, білім беру және ақпараттық технологиялар саласын қамтитын креативті индустрия мен цифрландыру ісі экономикаға тың серпін беретін күшке айнала алады. Өңір елдерінің осы бағытта бірлескен жобалар әзірлеуге әлеуеті де жетеді", - деп атап өтті Тоқаев.
Өңірдің жер жүзіндегі ең маңызды көлік-логистика және транзит хабтардың біріне айналуға толық мүмкіндігі бар.
Орталық Азия аймағы күн өткен сайын жаһандық көлік қатынастарының басты тармағына айналып келеді. Бұл ретте ең алдымен, Қытайдың бастамасымен қолға алынған, болашағынан зор үміт күттіретін "Бір белдеу, бір жол" жобасын және "Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізін атап өтуге болады. Бұл жобаларға өңірдегі елдердің бәрі белгілі бір деңгейде қатысып жатыр.
"Қазақстан өзінің серіктестерімен бірлесіп, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (Орта дәліз) барынша дамытып жатыр. Осы бағытпен тасымалданатын жүк көлемі орта мерзімде бес есеге артуы мүмкін", - деді Тоқаев.
Қазақстанда теңіз инфрақұрылымының, яғни Ақтау және Құрық айлақтарының дамуына байланысты жаңа мүмкіндіктер ашылып жатыр. Аталған порттар арқылы Қытайдан, Орталық Азия елдерінен Оңтүстік Кавказға, Түркияға, одан әрі Еуропаға жөнелтілетін жүк көлемі артып келеді.
Қазір Ауғанстан аумағы арқылы өтетін көлік дәліздерін ашу қарастырылып жатыр. Бұл қадам Оңтүстік Азия елдерінің әлеуеті мол нарықтарына және Үнді мұхитындағы айлақтарға шығуға жол ашады. Бұған осы өңірдегі бүкіл ел мүдделі.