Шавкат Мирзиёев: Бүгінгі кездесуіміз екі халық арасындағы достықты нығайта түседі

Шавкат Мирзеев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2024
Жазылу
Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының кездесуі стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды жаңа деңгейге көтереді
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, сапардың маңызына тоқталды, деп хабарлады Ақорда.
"Бұл сапар тарихи мәнге ие. Бүгінгі кездесуіміз екі халық арасындағы сан ғасырға жалғасқан достық және тату көршілік қатынастардың тінін нығайта түсіп, стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды жаңа деңгейге көтереді", – деді Шавкат Мирзиёев.
Келіссөз барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзит, инвестиция, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, мәдени-гуманитарлық және өнеркәсіп кооперациясы салаларындағы ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырды.
Президенттер қазақ-өзбек қатынастары барлық бағыт бойынша өркендеп келе жатқанын атап өтті.
В Акорде состоялась торжественная церемония встречи Президента Узбекистана Шавката Мирзиёева, прибывшего с государственным визитом в Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2024
"Тарихта алғаш рет өткіздік": Тоқаев Өзбекстан президентімен не туралы сөйлескенін айтты
Жаңалықтар
0