Қазақстанда донор табылмауы салдарынан жылына 300-ден астам адам көз жұмады

© Photo : University Medical Center баспасөз қызметіҚазақстанда донор табылмауы салдарынан жылына 300-ден астам адам көз жұмады
Қазақстанда донор табылмауы салдарынан жылына 300-ден астам адам көз жұмады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстанда донор жоқтықтан жылына 300-ден астам адам көз жұмады. Өкінішке қарай трансплантация саласында бұл мәселе шешілмей тұр. Sputnik Қазақстан тілшісі University Medical Center орталығының мамандарымен тілдесіп, мәселенің мән-жайын білді.

100-ден астам балаға туыстарының органы трансплантацияланды

Егер адам қайтыс болғаннан кейін донор болса, кем дегенде 4 адам, тіпті 7 адамның өмірін құтқарады. Қазақстанда трансплантация саласы дамымай тұр, өйткені донор жоқ. Салдарынан жылына 300-ден астам адам қайтыс болады.
"2015-2017 жылдары жылына 20 шақты жүрек трансплантациясы жасалса, қазіргі уақытта 97 жүрек трансплантациясы және 18 өкпе трансплантациясы жасалды. Ана мен бала орталығында да балаларға бүйрек пен бауыр трансплантациясы жасалады, балаларға 150 бүйрек трансплантациясы жасалды. Бұл жерде 38 бүйрек марқұмдардың органы, 100-ден астамы туыстарының органы. Донорлық ағза мүлдем аз болғандықтан трансплантация керек науқастарға туыстары органдарын беруге мәжбүр", - дейді UMC медициналық және реттеуші мәселелер департаментінің бас менеджері Сәуле Шайсұлтанова.

Ауруханада көз жұмғанның бәрі донор бола бермейді

Қазақстанда донорлық стационарлар бар. Бірақ мұндай мекемелер туралы халық хабарсыз. Әдетте ауруханада ауырып, көз жұмғандардың бәрін донор жасай бермейді. Бұның да өзіндік заңы, ережесі бар.
© Photo : University Medical Center баспасөз қызметіҚазақстанда донор табылмауы салдарынан жылына 300-ден астам адам көз жұмады
Қазақстанда донор табылмауы салдарынан жылына 300-ден астам адам көз жұмады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2024
Қазақстанда донор табылмауы салдарынан жылына 300-ден астам адам көз жұмады
"Донорлық стационарлар ықтимал донорларды анықтайды. Ықтимал донор дегеніміз – миы өлген науқастар. Ми өлсе, демек ол адам өлдіге саналады. Олар тек жасанды тыныс салу аппаратына ғана қосылып тұрады. Бұндай адамдар донор бола алады", - дейді Сәуле Шайсұлтанова.
Десе де миы өлгеннің бәрін жаппай донор жасамайды.
"Егер ми өлімі тіркелсе, бір тәуліктен астам өмір сүру белгісін білдірмесе, мидің өлгені туралы шешім комиссия арқылы қабылданады, оны тек бір ғана дәрігер шеше салмайды. Ми өлімі тіркелгеннен кейін ғана марқұмның донор болу, болмауы туралы өтініші регистрден қаралады. Егер марқұмның тірі кезінде донор болуға келісімі немесе бас тартуы болмаса, марқұмның туыстары шақырылып, сол кісілерден рұқсат сұралады. Егер туыстары бас тартса, марқұм донор болмайды, донор процедурасы марқұмның туыстарның арызы негізінде ғана жасалады. Сондай-ақ марқұмның органдары донорлыққа жарамды ма, жарамсыз ба, анықталады", - дейді UMC медициналық және реттеуші мәселелер департаментінің бас менеджері.

4 мыңнан астам адам ажалмен арпалысып жатыр

Марқұмның донор болуға келісімі болса немесе туыстары келісім берсе, сондай-ақ органдары донор болуға жарамды болса, трансплантация мамандары барып, донорлық органдарды тексереді. Тек содан кейін процедура басталады.
"Донорды анықтау өте үлкен проблема. Әрине бұл басқа мемлекетте де бар, бірақ біздің Қазақстанда өте күрделі. Бұл мәселе донорлық стационар басшылғына да байланысты, олар өздерінің бұл мәселеге тікелей қатысы барын, донорды анықтау керегіне мән бермейді. Донорлар туралы ақпарат бермейді. Тағы бір мәселе – халықтың менталитеті мен донорлыққа деген көзқарасы. Бұл ақпаратты қабылдай алмайды. Донор анықталғанның өзінде туыстары бас тартып, түбегейлі қарсы шығады", - дейді Сәуле Шайсұлтанова.
Egov порталында донор болуға келісімін берген азамат қайтыс болған соң, туыстарынан да рұқсат алыну керек. Егер туыстары келіспесе донорлық жүзеге аспайды.
"Әрине ауруханаға түсіп, дәм-тұзы таусылып, өмірден озып жататындар көп. Егер сол 40 стационардан ең болмаса 1 науқас донор болуға келісім берсе, күнде 40 трансплантация жасауға болар еді. Күніне бірнеше ондаған адамның өмірін сақтап қалар едік. Бүгінде ел бойынша донорды күту парағында 4 112 пациент бар, яғни 4 мыңнан астам адам өлім мен өмір арасында арпалысып жатыр. Бәрінің арманы – донор табылса екен деген бір үміт. Жылына 300-ге жуық науқас донор таппай көз жұмады. Трансплантация орталығының дерегінше, Egov порталы арқылы тек 6 мыңнан астам адам мәйіттік донор болуға келісімін берген. Алайда оның бәрі дүниеден озса, донор бола бермейді. Өйткені қолданыстағы заң бойынша туыстарынан да рұқсат алу керек. Ал жақындары мұндай шешімге үзілді-кесілді қарсы", - дейді "UMC" корпоративтік қоры нефрология және диализ бағдарламасының жетекшісі Салтанат Рахымжанова.

Egov арқылы небәрі 6000 адам келісімін берген

Дінді айтып, қарсы болатындар да бар. Бірақ донор болу дегенге діни тұрғыдан да рұқсат бар. Ешбір дінмен шектеу қойылмаған дейді дәрігерлер.
© Photo : University Medical Center баспасөз қызметіҚазақстанда донор табылмауы салдарынан жылына 300-ден астам адам көз жұмады
Қазақстанда донор табылмауы салдарынан жылына 300-ден астам адам көз жұмады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2024
Қазақстанда донор табылмауы салдарынан жылына 300-ден астам адам көз жұмады
"Қазіргі күні Egov порталында 106 мың халық өзінің пікірін білдірген. Оның 99 пайызы қарсы болған. 6 мыңнан астам адам ғана келісімін беріпті", - дейді транспланттауды үйлестіру орталығының бөлім басшысы Қайрат Иманбаев.
Әрбір Қазақстан азаматы тірі кезінде донор бола алады. Бұл жүйе Қазақстанда бірнеше жылдан бері жұмыс істейді. Әрбір азамат электронды қолтаңба арқылы осы жүйеге кіріп, келісім беруге немесе нақты бір органын беруге келісе алады немесе бас тарта алады.
"Азаматтар бұл келісім мен бас тарту туралы шешімін тірі кезінде өзгерте алады. Негізі дәл осы донорлыққа келісу, бас тарту туралы ақпараты бар жүйеге Қазақстан бойынша 2-3 арнайы маман ғана кіре алады. Тек солар ғана ақпаратты тексере алады. Кез келген адам кіріп, кімнің донор болатынын көре алмайды", – дейді Сәуле Шайсұлтанова.

Донорлық туралы қауесет көп

Дәрігерлердің айтуынша, донор болуға қатысты халықтың сауатын арттыру керек.
"Кез келген дәрігер алдына келген науқасты құтқарғысы келеді. Көптеген адамның арасында "егер донор болуға келісіп қойсаңыз, сізді аурудан дәрігерлер құтқармайды" деген қауесет, жалған ақпарат тараған. Бұл шындыққа еш жанаспайды. Қайталап айтамын, кез келген дәрігер алдына келген науқастың амандығын ойлайды", - дейді орталық мамандары.

44 жастағы әйел бес адамды құтқарды

17 шілдеде University Medical Center клиникасында бес адамға трансплантация жасалды. Бес адамның өмірін 44 жастағы әйел құтқарып қалды. Марқұм инсульттан көз жұмған.
"Оның туыстары орган донорлығына келісім берді, осылайша бес адамға өмір сүруге мүмкіндік берді. UMC жүрек орталығында медициналық топ бұрын механикалық қан айналымын қолдау құрылғысы LVAD имплантацияланған 43 жастағы науқасқа донорлық жүрек трансплантациясын жасады. Екінші науқасқа өкпе трансплантациясы жасалды. UMC Ана мен бала орталығында 15 жасар қызға бүйрек трансплантациясы жасалды. Барлық реципиенттердің жағдайы қанағаттанарлық, олар мамандардың бақылауымен оңалтудан өтіп жатыр", - дейді орталық дәрігерлері.
Сондай-ақ марқұмның бүйрегі мен бауыры Астана қаласының Ұлттық ғылыми онкологиялық орталығында пациенттерге трансплантацияланды.
Донор болғысы келген адам жергілікті емханаға барып, жазбаша түрде арыз жаза алады. Немесе электронды цифплық қолтаңба арқылы Егов порталына кіріп, донор болуға келісіп береді. Бұл келісім өмірінің соңына дейін солай қалды дегенді білдірмейді, кез келген уақытта кіріп бас тарта алады.
Жаңалықтар
0