Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бірқатар құжаттарға қол қойды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПо итогам переговоров Касым-Жомарт Токаев и Шавкат Мирзиёев подписали следующие документы:
По итогам переговоров Касым-Жомарт Токаев и Шавкат Мирзиёев подписали следующие документы:
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 8 шілде - Sputnik. Өзбекстан президентінің елімізге мемлекеттік сапары аясында мынандай құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды орталық коммуникациялар қызметі.
Екі ел арасындағы қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасының режимі туралы келісім;
қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімінің хаттамасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;
екі ел арасындағы 2006 жылғы 20 наурыздағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;
Екі мемлекет арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған іс-шаралардың жоспары;
Қазақстан мен Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрліктері арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
Екі елдің Ұлттық экономика министрліктері арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы хаттама;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен Өзбекстан Республикасы Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті арасындағы табиғи монополияларды реттеу саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
Қазақстан мен Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі арасындағы денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мен Өзбекстан Республикасы Бәсекелестікті дамыту және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті арасындағы бәсекелестікті қорғау саясаты саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты мен Өзбекстан Республикасы президенті жанындағы Стратегиялық және өңіраралық зерттеулер институты арасындағы Қазақстан-Өзбекстан сарапшылар кеңесін құру жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
"Отандастар" қоры мен Өзбекстан Республикасы мәдениет министрлігі жанындағы Ұлтаралық қатынастар және шетелдермен достық байланыстар жөніндегі комитеті арасындағы өзара түсіністік туралы келісім;
Астана қаласы әкімдігі мен Ташкент қаласының хокимияты арасындағы 2025-2026 жылдарға арналған сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі нақты іс-шаралар жоспары жасалды.
Жаңалықтар
0