Алдағы он жыл Орталық Азия аймағының болашағын айқындайтын кезең болады – Тоқаев

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент Касым-Жомарт Токаев выступил на заседании Совета глав государств – членов ШОС
Президент Касым-Жомарт Токаев выступил на заседании Совета глав государств – членов ШОС
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2024
Жазылу
Өткен жылдың қорытын­ды­сы бойынша ішкі тауар айналы­мы 25 пайызға өсті
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Алдағы он жыл Орталық Азия аймағының болашағын айқындайтын кезең болатыны айдан анық. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Егемен Қазақстан газетінде жарық көрген мақаласында айтты.
Оның айтуынша осы тарихи мүмкіндікті қаншалықты тиімді пайдалана алатынымыз тек өзімізге байланысты.
"Жаһандық геосаяси ахуал аумалы-төкпелі болып тұрған қазіргі кезде біз өңірде өзара сенімге және ор­тақ әрі біртұтас қауіпсіздікке негіз­дел­ген кеңістік құрдық, өңірлік ық­­пал­дастыққа бөгет кедер­гі­лерді жойдық, көп қырлы ын­ты­мақ­тастығымызды жоғары сапалы деңгейге шығаратын тұғыр қалыптастырдық", - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Қазақстан бүгінде Қырғызстан, Тәжік­стан, Өзбекстан елдерімен одақ­тастық қатынас орнатып, Түрік­­менстанмен стратегиялық әріп­тестікті дәйекті түрде кеңейтіп келеді.
"Ха­лық­тарымыздың өзара жа­қын бо­луға ұмтылысы бар­лық деңгейдегі бай­ланыстың кү­шеюі­нен де көрінеді. Мемлекет басшыларының бір-бірі­не жиі сапарлап, тұрақты кездесуі парла­ментаралық, үкімет­аралық және ведомствоаралық байланыстарды тереңдетуге тың серпін берді", - дейді Тоқаев.
Ол Орталық Азия мемлекеттері бас­шы­ларының Астанада, Ташкентте, Түрікменбашыда, Шолпан-Атада, Душанбеде бес консультативтік кез­десу болғанын еске салды. Соның нәтижесінде өңір­лік ықпалдастық барынша те­рең­­деп, кеңейе түскен.
Кейінгі 5 жылда (2018-2023 жылдар) өзара сауда айналымы 2 есеге жуық көбейіп, 5,7 миллиард доллар­дан 11 миллиард долларға дейін арт­ты. Өткен жылдың қорытын­ды­сы бойынша ішкі тауар айналы­мы 25 пайызға өсті. Соның ішінде Қазақстанның Орталық Азия елдері­мен саудасы былтыр 26,8 пайызға артып, 8 миллиард долларға жетті.
Бірлескен ірі жобалар оған қа­ты­­су­шы елдерге қомақты пайда әке­ліп қана қоймай, Орталық Азия экономикасының бүкіл құрылымын өзгертіп отыр.
Жаңалықтар
0