Қорғаныс министрлігінің қаржысын жымқырған тұлғаларға үкім шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Әскерді пәтерге орналастыру бойынша бас басқарманың, "Әскери құрылыс" АҚ-ның бірнеше лауазымды тұлғасын, авторлық, техникалық қадағалау өкілдерін және басқа да тұлғаларды соттады, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қансы іс-қимыл агенттігі.
Олар Алматы облысы Сарыөзек гарнизоны әскери қалашығындағы кәріз жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет болған 491,6 миллион теңгені ұрлағаны үшін сотталды.
"Әскери құрылыс" АҚ-ның бұрынғы вице-президенті, АҚ учаскесінің басшысы, компания басшысы, авторлық және техникалық қадағалау өкілдері, қосалқы мердігер ұйымның басшысы және оның уәкілетті өкілі кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.
Олар мүлкі тәркіленіп, 7 жыл мерзімге мемлекеттік сатып алумен байланысты қызметпен айналысуға тыйым салумен 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Әскерді пәтерге орналастыру бойынша бас басқарма басшысының бірінші орынбасары, күрделі құрылыс басқармасының басшысы және сол басқарманың офицері салғырттық танытқаны үшін кінәлі деп танылды.
Үкім заңды күшіне енді.
Жаңалықтар
0