Қазақстандық оқушылар Гонконгтегі робототехника чемпионатынан жоғары марапатпен оралды

© Орталық коммуникациялар қызметіҚазақстандық оқушылар Гонконгтегі робототехника чемпионатынан жоғары марапатпен оралды
Қазақстандық оқушылар Гонконгтегі робототехника чемпионатынан жоғары марапатпен оралды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Гонконгтегі FIRST Asia Championship халықаралық чемпионаты аяқталды. Оған 45 ел мен 210 команда қатысты, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Елімізді LEAS мектебінің Aldebara Алматы командасының өкілдері Аркен Амангелді, Ескендір Гильмундинов, Арлан Жақсыбергенов, Марк Ульянов, Мартин Васильев, Сабина Абылай таныстырды. Жаттықтырушылары – Рамина Сабирова және Балғын Исақожа.
Оқушылар ғылыми жобасын өнердегі жаңашылдық тақырыбы бойынша ұсынды. Жоба музейлер, көрмелер мен инсталляцияларда ыңғайлы және қарапайым қозғалысқа арналған шынайы көрініс беретін қосымша мүмкіндігі бар навигатор ретінде таныстырылды. Қазақстандық инженерлердің жобасы халықаралық қазылар алқасының оң бағасына ие болып, беделді Team Model Award сыйлығын алып келді.
Жаңалықтар
0