https://sputnik.kz/20240807/qazaqstan-men-ozbekstan-agroonerkasiptik-keshen-salasyndagy-yntymaqtastyqty-nygaytady-46142225.html
Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Sputnik Қазақстан
Екі елдің ауыл шаруашылығы министрлері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды 07.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-07T14:56+0500
2024-08-07T14:56+0500
2024-08-07T14:56+0500
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/07e8/04/05/43469551_0:61:1280:781_1920x0_80_0_0_293f025d2a77298add503e04df8d002a.jpg
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастықты нығайтады.Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, Айдарбек Сапаров өзбек әріптесі Ибрахим Абдурахмоновпен кездесу өткізді.Өзбекстанның тері шикізатын өңдеу тәжірибесі Қазақстанды ерекше қызықтырады. Қазіргі уақытта республикада былғарыны бастапқы өңдеу бойынша 9 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың қуаттылығы 3,3 миллионға дейін ірі қара мал терісін және 4 миллионнан астам ұсақ мал терісін өңдеуге мүмкіндік береді.Сондай-ақ ведомстводағылар мақта шаруашылығын дамыту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Ал шикізат мақтаның сапасын арттыру мақсатында Өзбекстаннан 1500 тоннаға жуық жоғары репродукциялы тұқым әкелінді.Енді құны 21 миллиард теңгені (43,8 миллион доллар) құрайтын мақта-тоқыма кешені мен логистикалық хаб құру жоспарлануда. Жобаның қуаттылығы 160 мың тоннаны құрайды, ол 2026 жылдан 2027 жылға дейін толық кезеңде іске қосылады.Өзбекстанның ауыл шаруашылығы министрлігі ынтымақтастық жөніндегі барлық ұсынысты қолдайтынын мәлімдеді.Кездесу соңында министрлер Қазақстан Республикасында астық және майлы дақылдарды өсіру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.2023 жылы агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тауар айналымы 1,7 миллиард АҚШ долларын құрап, Өзбекстанға 1,51 миллиард доллардың өнімі экспортталды.2024 жылдың қаңтар-маусым айларында тауар айналымы 758 млн долларды, экспорт – 635,7 млн долларды құрады.
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/05/43469551_80:0:1201:841_1920x0_80_0_0_fe3816352610aa9a896b5b94c6bd2f43.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан
Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Екі елдің ауыл шаруашылығы министрлері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастықты нығайтады.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, Айдарбек Сапаров өзбек әріптесі Ибрахим Абдурахмоновпен кездесу өткізді.
Өзбекстанның тері шикізатын өңдеу тәжірибесі Қазақстанды ерекше қызықтырады. Қазіргі уақытта республикада былғарыны бастапқы өңдеу бойынша 9 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың қуаттылығы 3,3 миллионға дейін ірі қара мал терісін және 4 миллионнан астам ұсақ мал терісін өңдеуге мүмкіндік береді.
"Алайда өндіріс 20-30 пайызға ғана жүктелген. Сондықтан тері өңдеу жобаларын құруға қолдау көрсетуге дайынбыз. Біз үшін Қазақстан мен Өзбекстанның ғылыми-зерттеу институттарын тарта отырып, мақта шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықтың болашағы зор", - деді Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.
Сондай-ақ ведомстводағылар мақта шаруашылығын дамыту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Ал шикізат мақтаның сапасын арттыру мақсатында Өзбекстаннан 1500 тоннаға жуық жоғары репродукциялы тұқым әкелінді.
Енді құны 21 миллиард теңгені (43,8 миллион доллар) құрайтын мақта-тоқыма кешені мен логистикалық хаб құру жоспарлануда. Жобаның қуаттылығы 160 мың тоннаны құрайды, ол 2026 жылдан 2027 жылға дейін толық кезеңде іске қосылады.
Өзбекстанның ауыл шаруашылығы министрлігі ынтымақтастық жөніндегі барлық ұсынысты қолдайтынын мәлімдеді.
"Ол үшін мүмкіндіктер көп, әлеует зор және оны барынша пайдалану қажет. Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында "Жол картасының" барлық тармағы орындалды, бірнеше бағытта жақсы нәтиже бар", - деді Өзбекстан ауыл шаруашылығы министрі Иброхим Абдурахмонов.
Кездесу соңында министрлер Қазақстан Республикасында астық және майлы дақылдарды өсіру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
2023 жылы агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің тауар айналымы 1,7 миллиард АҚШ долларын құрап, Өзбекстанға 1,51 миллиард доллардың өнімі экспортталды.
2024 жылдың қаңтар-маусым айларында тауар айналымы 758 млн долларды, экспорт – 635,7 млн долларды құрады.