Қазақстан армиясы 500-ден астам жаңа техникамен толықты

© PhotoАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2024
Жазылу
Әуе қорғанысы күштері үшін заманауи жойғыш ұшақтар мен зениттік зымыран кешені жеткізіледі деп жоспарланған
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Қазақстанның қорғаныс министрлігі жыл соңына дейін жаңа тренажерлерді жеткізу және жерүсті оқу-жаттығу жабдықтарын жөндеу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Сондай-ақ 1,5 мыңнан астам әскери техникаға ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Биыл әскерлерге 500-ден астам жаңа техника, соның ішінде "Арлан" және COBRA II брондалған доңғалақты машиналары, SUNQAR тактикалық ұшқышсыз жүйелер кешені және EVOMax шағын ұшқышсыз жүйелері келіп түсті.
Әуе қорғанысы күштері үшін заманауи жойғыш ұшақтар мен зениттік зымыран кешені жеткізіледі деп жоспарланған.
ANKA пилотсыз ауыр класты кешен тәжірибеден өткізіліп жатыр. Сондай-ақ А400М бірінші ауыр жүк көтергіш әскери-көліктік ұшақ жеткізіледі.
Жаңалықтар
0