https://sputnik.kz/20240807/qaragandyda-student-75-zhylga-sottaldy-46137170.html
Қарағандыда студент 7,5 жылға сотталды
Қарағандыда студент 7,5 жылға сотталды
Sputnik Қазақстан
Жасөспірім жақсы оқымағанымен, ұстаздар тарапынан шағым болмаған 07.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-07T12:06+0500
2024-08-07T12:06+0500
2024-08-07T12:06+0500
студент
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_6deb2211ca90f488731622230f819646.jpg
АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Қарағанды политехникалық колледжінің 3-курс студенті сотталды, деп хабарлады Жоғарғы сот.Былтыр сәуірде 17 жастағы студент интернеттен курьер қажет деген хабарландыруды көреді.Курьер болып жұмысқа кіріскен жігіт жіберілген геолокация арқылы 5-15 жиынтық тауып, оларды бір-бірден орап, Қарағанды көшелеріне қойып кетіп, кураторға фотоесеп жіберіп отырған."Әрбір салынған орама үшін банк картасына 2,5 мың теңгеден аударым алып отырған, оны жеке қажеттілігіне жұмсаған. Былтыр қарашада 15 ораманы алып, оның 4-ін таратқан сәтте оны полиция қызметкерлері ұстайды. Жасөспірімнің сөмкесі мен қалтасынан психотроптық зат (мефедрон) бар 11 орама пакет табылған", - дейді ведомство.Жасөспірімге ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1), 3), 5 тармақшалары бойынша айып тағылды. Бірақ оның кәмелетке толмаған жасы ескеріле отырып, 7,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0b/15719152_223:0:2954:2048_1920x0_80_0_0_a69e5681614903ce37291f43e578aff7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
студент
Қарағандыда студент 7,5 жылға сотталды
Жасөспірім жақсы оқымағанымен, ұстаздар тарапынан шағым болмаған
АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Қарағанды политехникалық колледжінің 3-курс студенті сотталды, деп хабарлады Жоғарғы сот.
Былтыр сәуірде 17 жастағы студент интернеттен курьер қажет деген хабарландыруды көреді.
"Сол нөмірге телефон шалып, жұмыстың қиын емес екенін, жалақысының жоғары екенін біледі. Жасөспірім жақсы оқымағанымен, ұстаздар тарапынан шағым болмаған. Әкесімен және өгей шешесімен бірге тұрады, олар баланы материалдық жағдаймен толығымен қамтамасыз еткен", - дейді сот.
Курьер болып жұмысқа кіріскен жігіт жіберілген геолокация арқылы 5-15 жиынтық тауып, оларды бір-бірден орап, Қарағанды көшелеріне қойып кетіп, кураторға фотоесеп жіберіп отырған.
"Әрбір салынған орама үшін банк картасына 2,5 мың теңгеден аударым алып отырған, оны жеке қажеттілігіне жұмсаған. Былтыр қарашада 15 ораманы алып, оның 4-ін таратқан сәтте оны полиция қызметкерлері ұстайды. Жасөспірімнің сөмкесі мен қалтасынан психотроптық зат (мефедрон) бар 11 орама пакет табылған", - дейді ведомство.
Жасөспірімге ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1), 3), 5 тармақшалары бойынша айып тағылды. Бірақ оның кәмелетке толмаған жасы ескеріле отырып, 7,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үкім заңды күшіне енді.