https://sputnik.kz/20240807/mangystauda-balalarga-arnalgan-dini-pansionattardyn-qyzmetti-toqtatyldy-46144108.html
Маңғыстауда балаларға арналған діни пансионаттардың қызметті тоқтатылды
Маңғыстауда балаларға арналған діни пансионаттардың қызметті тоқтатылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облыстық прокуратурасы балалар пансионаттары түріндегі қайырымдылық мекемелерін тексеру барысында, балаларға заңсыз діни... 07.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-07T17:02+0500
2024-08-07T17:02+0500
2024-08-07T17:02+0500
маңғыстау облысы
прокуратура
https://sputnik.kz/img/07e6/07/09/26024688_0:160:3074:1889_1920x0_80_0_0_fb8b23799aceda89b2ba282d9313972c.jpg
АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облыстық прокуратурасы балалар пансионаттары түріндегі қайырымдылық мекемелерін тексеру барысында, балаларға заңсыз діни ілім берген 5 пансионатты анықтады. Оның екеуі Мұнайлы ауданында, қалғандары Түпқараған ауданы, Жаңаөзен мен Ақтау қаласында орналасқан. Пансионаттар қайырымдылық мекемелері ретінде ашылып, балаларға діни ілім берген.Пансионаттарда санитарлық, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамалары да сақталмаған. Осылайша балалардың білім, тәрбие және уақтылы медициналық көмек алу құқықтары мен бостандықтары айтарлықтай бұзылған. Тексерулер нәтижесінде пансионат басшыларына 11 әкімшілік хаттама толтырылып, 1 миллион 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.Прокурорлардың талап-арыздары бойынша сот шешімімен пансионаттардың барлығы да жабылды.
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/09/26024688_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_429f38d0598d8e94134e5b5341942256.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, прокуратура
маңғыстау облысы, прокуратура
Маңғыстауда балаларға арналған діни пансионаттардың қызметті тоқтатылды
АЛМАТЫ, 7 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облыстық прокуратурасы балалар пансионаттары түріндегі қайырымдылық мекемелерін тексеру барысында, балаларға заңсыз діни ілім берген 5 пансионатты анықтады.
Оның екеуі Мұнайлы ауданында, қалғандары Түпқараған ауданы, Жаңаөзен мен Ақтау қаласында орналасқан. Пансионаттар қайырымдылық мекемелері ретінде ашылып, балаларға діни ілім берген.
"Діни әдебиеттерді пайдаланған, діни мағлұматтарды үйреткен. Ол жерлерден діни кітаптар анықталып, тәркіленді. Пансионаттарда 50-ге жуық бала тәрбиеленгені белгілі болды. Осы жағдайға байланысты балалардың ата-аналары Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 127-бабымен жауаптылыққа тартылды", - дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Бағдат Карленов.
Пансионаттарда санитарлық, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамалары да сақталмаған. Осылайша балалардың білім, тәрбие және уақтылы медициналық көмек алу құқықтары мен бостандықтары айтарлықтай бұзылған. Тексерулер нәтижесінде пансионат басшыларына 11 әкімшілік хаттама толтырылып, 1 миллион 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Прокурорлардың талап-арыздары бойынша сот шешімімен пансионаттардың барлығы да жабылды.