https://sputnik.kz/20240807/aqsh-turkiyany-reseyge-qarsy-sanktsiyalardy-aynalyp-otti-dep-ayyptady-46143429.html
АҚШ Түркияны Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтті деп айыптады
АҚШ Түркияны Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтті деп айыптады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. АҚШ Түркияны Ресейге бірқатар америкалық тауардың экспортын шектемесе, оның салдары болады деп қорқытты, деп хабарлады РИА Новости. 07.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-07T15:36+0500
2024-08-07T15:36+0500
2024-08-07T15:36+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
ақш
https://sputnik.kz/img/07e8/02/02/41994925_0:320:3071:2047_1920x0_80_0_0_431220af2b623419a889fbf34bab144f.jpg
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. АҚШ Түркияны Ресейге бірқатар америкалық тауардың экспортын шектемесе, оның салдары болады деп қорқытты, деп хабарлады РИА Новости."Бізге Түркия Америка технологиясының Ресейге жеткізілуін тоқтатуға көмектесуі қажет", - деді америкалық сауда министрінің көмекшісі Мэтью Аксельрод Financial Times газетіне.Басылымның хабарлауынша, Аксельрод жақында Анкарада түрік әріптестерімен кездескен. Дереккөз жазғандай, министрдің көмекшісі Түркияның Ресей Украинамен қақтығыс кезінде қолдануы мүмкін америкалық микросхемалар мен басқа да заттардың саудасын шектеу бойынша көбірек жұмыс істеуі керек екенін айтты. Аксельрод түрік билігі АҚШ-тан Ресейге тауарларды ауыстырып тиеуге тыйым салуды енгізуі керек деп мәлімдеді.Басылымның мәліметінше, Американың сауда министрлігі қазірдің өзінде АҚШ-тағы заңды тұлғалардан Түркияның 18 компаниясына маңызды тауарларды сатуға рұқсат алуды талап етіп отыр. Дереккөз Анкарадан бұл істе ілгерілеушілік болмаса, Вашингтон осындай шектеулерді енгізуді жалғастыратынын айтты.Батыс Украинаға байланысты Ресейге қарсы санкциялық қысымды күшейтті, бұл Еуропа мен АҚШ-та электр энергиясы, жанармай және азық-түлік бағасының өсуіне әкелді. 2022 жылдың ақпанында Ресейдің Украинадағы арнайы операциясы басталғаннан бері ЕО Ресейге қарсы 14 санкция пакетін енгізді. Ресей бұл ел күшейіп келе жатқан санкциялық қысымға төтеп беретінін бірнеше рет мәлімдеді.
украина
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/02/41994925_142:0:2873:2048_1920x0_80_0_0_a54c75e389e7699825a8c2862876a202.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина, ақш
АҚШ Түркияны Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтті деп айыптады
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. АҚШ Түркияны Ресейге бірқатар америкалық тауардың экспортын шектемесе, оның салдары болады деп қорқытты, деп хабарлады РИА Новости.
"Бізге Түркия Америка технологиясының Ресейге жеткізілуін тоқтатуға көмектесуі қажет", - деді америкалық сауда министрінің көмекшісі Мэтью Аксельрод Financial Times газетіне.
"Біз Түркия билігі мен өнеркәсібінің бұл мәселедегі әрекеттерін тез көруіміз керек. Әйтпесе біздің экспорттық бақылауымыздан жалтарғандарға шара қолданудан салудан басқа амалымыз қалмайды", - деді Аксельрод.
Басылымның хабарлауынша, Аксельрод жақында Анкарада түрік әріптестерімен кездескен. Дереккөз жазғандай, министрдің көмекшісі Түркияның Ресей Украинамен қақтығыс кезінде қолдануы мүмкін америкалық микросхемалар мен басқа да заттардың саудасын шектеу бойынша көбірек жұмыс істеуі керек екенін айтты. Аксельрод түрік билігі АҚШ-тан Ресейге тауарларды ауыстырып тиеуге тыйым салуды енгізуі керек деп мәлімдеді.
Басылымның мәліметінше, Американың сауда министрлігі қазірдің өзінде АҚШ-тағы заңды тұлғалардан Түркияның 18 компаниясына маңызды тауарларды сатуға рұқсат алуды талап етіп отыр. Дереккөз Анкарадан бұл істе ілгерілеушілік болмаса, Вашингтон осындай шектеулерді енгізуді жалғастыратынын айтты.
Батыс Украинаға байланысты Ресейге қарсы санкциялық қысымды күшейтті, бұл Еуропа мен АҚШ-та электр энергиясы, жанармай және азық-түлік бағасының өсуіне әкелді. 2022 жылдың ақпанында Ресейдің Украинадағы арнайы операциясы басталғаннан бері ЕО Ресейге қарсы 14 санкция пакетін енгізді. Ресей бұл ел күшейіп келе жатқан санкциялық қысымға төтеп беретінін бірнеше рет мәлімдеді.