ҰБТ тапсыруға шектеу болмайды - министр

© Sputnik / Владислав ВодневЦентр национального тестирования готовится принимать выпускников
Центр национального тестирования готовится принимать выпускников  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-ның форматы қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде тест сұрақтарын құрастыратын 300 сарапшы шетелде өз дайындығын шыңдап қайтты.
“Ендігі кезекте біз сұрақтарды басқаша құрастыратын боламыз. Бұл жұмыс басталып кетті.”,-деді Нұрбек үкіметте өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, ҰБТ-ның реформасы 3-4 жылда біртіндеп атқарылады. Бірінші кезеңде сұрақтардың сапасына басымдық беріледі. Ал екінші кезеңде тест тапсыру мүмкіндігі артады.
“Қазір ҰБТ-ны бес рет тапсыруға болады. Бірақ біз мынандай модельге келуіміз керек. Талапкер өзі қалаған уақытта, өзі қалаған жерге барып, тест тапсырады. Сосын алған ұпай саны университет талабына жете ме, жоқ па, соны қарайды да, жетпей тұрса, тағы тапсырады. Сөйтіп, өзіне керек ұпай санын жинағанша тапсыра береді. Қажетті ұпай санын алғаннан кейін ҰБТ куәлігін алып, университетке тапсырады ”,- деп атап көрсетті Нұрбек.
Жаңалықтар
0