Процентсіз кредитті қалай алуға болады – министр жауап берді

© Sputnik / Владислав ВодневНурбек Саясат
Нурбек Саясат - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2024
Жазылу
Нақты шарттары мен талаптары қыркүйекте жарияланады
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек білім алуға арналған процентсіз кредит кімдерге берілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұл бастаманы биыл жаңа оқу жылында қолға алу жоспарланып отыр. Процентсіз кредит тек жоғары білім алу үшін беріледі.

"Бұл кредит грантқа ілінбей қалғандарға немесе сараланған грантқа ие болғандарға беріледі. Оның өзіндік шарты бар. Мысалы, кепілгер болуы керек. Біз нақты шарттары мен талаптарын қыркүйекте жариялаймыз", - деді Нұрбек Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, биыл процентсіз кредит министрлікке қарасты қаржы орталығы арқылы рәсімделеді. Ал келесі жылдан бастап екінші деңгейлі банктерде беріледі.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2024
Әкімдіктер 2,5 мыңға жуық грант бөлді
Жаңалықтар
0