https://sputnik.kz/20240806/astanadagy-duniezhuzilik-koshpendiler-oyyndary-bilet-satylymga-shyqty-46119193.html
Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: билет сатылымға шықты
Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: билет сатылымға шықты
Sputnik Қазақстан
Билеттер құны 15 000 теңгеден басталып, 50 000 теңгеге дейін болады 06.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-06T14:33+0500
2024-08-06T14:33+0500
2024-08-06T14:33+0500
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
билет
https://sputnik.kz/img/07e8/07/19/45880877_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_2d62e2ac0259761f1c12c5da39cf2e19.jpg
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты мен барлық жарысына билет сату басталды, деп хабарлады World Nomad Games 2024.Әлемдік этноспорттың басты оқиғасы 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтеді, оған 89 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады."Ойындардың ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні "Астана-Арена" стадионында өтеді. Билеттер құны 15 000 теңгеден басталып, 50 000 теңгеге дейін болады", - деп жазылған хабарламада.Спорт бағдарламасына 21 спорт түрі кіреді. Спорт жарыстарына орташа билет құны 3 600 теңгені құрайды.Қазақ күресі, алыш және көрәш Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді және билеттер 2 500 теңгеден 7 500 теңге аралығында болады."Алау" мұзайдынында асық ату, ордо, мас-рестлинг, күрәш, арқан тарту және ашыртмалы аба гүреші бойынша жарыстар өтеді. Билет құны 1 000-3 000 теңге аралығында.Көкпар, көк бөрі және бәйге бойынша тартысты жарыстар "Қазанат" ипподромында өтеді. Көкпар мен көк бөрі бойынша іріктеу кезеңдеріне билеттер құны 2 000-15 000 теңге аралығында болса, финалдық кезеңнің билеттері 2 000 теңгеден басталып, 15 000 теңгеге дейін барады. Бәйге жарыстарына билет құны 3 000-15 000 теңге болмақ."Этноауылда жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ, құсбегілік, сондай-ақ алыптар сайысы "Powerful Nomad" жарыстарын көруге болады. Аталған спорт түрлері бойынша билеттер 1 000 теңгеден басталып, 2 000 теңгеге дейін болады", - деп атап өтті ұйымдастырушылар.Көрермен көзайымына айналған дәстүрлі садақ ату спорты бойынша бәсекелер "Арғымақ" ат-спорттық сауықтыру кешенінде өтеді. Билеттер құны 6 00 теңгеден басталып, 3 000 теңгеге дейін болады.Дәстүрлі зияткерлік ойындар саналған тоғызқұмалақ, мангала және овари жарыстары көрермендерсіз өтеді.Азаматтардың жекелеген санаттары үшін әртүрлі жеңілдіктер қарастырылған. 50% жеңілдік мектеп оқушылары (6 жастан 18 жасқа дейін) мен зейнеткерлер үшін қолжетімді. 5 жасқа дейінгі балалар (орынсыз) мен I және II топтағы мүгедектер билеттерді тегін ала алады.Жеңілдік билеттерін растайтын құжатты көрсеткеннен кейін оффлайн кассалардан сатып алуға болады.Барлық жарысқа билеттерді ресми билет операторының www.zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.Айта кетері, Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/07/19/45880877_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_df1ef870d3b1fb71e1b54c97cf6aa4ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дүниежүзілік көшпенділер ойыны, билет
дүниежүзілік көшпенділер ойыны, билет
Астанадағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: билет сатылымға шықты
Билеттер құны 15 000 теңгеден басталып, 50 000 теңгеге дейін болады
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты мен барлық жарысына билет сату басталды, деп хабарлады World Nomad Games 2024.
Әлемдік этноспорттың басты оқиғасы 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өтеді, оған 89 елден 2 мыңнан астам спортшы қатысады.
"Ойындардың ашылу салтанаты 8 қыркүйек күні "Астана-Арена" стадионында өтеді. Билеттер құны 15 000 теңгеден басталып, 50 000 теңгеге дейін болады", - деп жазылған хабарламада.
Спорт бағдарламасына 21 спорт түрі кіреді. Спорт жарыстарына орташа билет құны 3 600 теңгені құрайды.
Қазақ күресі, алыш және көрәш Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді және билеттер 2 500 теңгеден 7 500 теңге аралығында болады.
"Алау" мұзайдынында асық ату, ордо, мас-рестлинг, күрәш, арқан тарту және ашыртмалы аба гүреші бойынша жарыстар өтеді. Билет құны 1 000-3 000 теңге аралығында.
Көкпар, көк бөрі және бәйге бойынша тартысты жарыстар "Қазанат" ипподромында өтеді. Көкпар мен көк бөрі бойынша іріктеу кезеңдеріне билеттер құны 2 000-15 000 теңге аралығында болса, финалдық кезеңнің билеттері 2 000 теңгеден басталып, 15 000 теңгеге дейін барады. Бәйге жарыстарына билет құны 3 000-15 000 теңге болмақ.
"Этноауылда жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ, құсбегілік, сондай-ақ алыптар сайысы "Powerful Nomad" жарыстарын көруге болады. Аталған спорт түрлері бойынша билеттер 1 000 теңгеден басталып, 2 000 теңгеге дейін болады", - деп атап өтті ұйымдастырушылар.
Көрермен көзайымына айналған дәстүрлі садақ ату спорты бойынша бәсекелер "Арғымақ" ат-спорттық сауықтыру кешенінде өтеді. Билеттер құны 6 00 теңгеден басталып, 3 000 теңгеге дейін болады.
Дәстүрлі зияткерлік ойындар саналған тоғызқұмалақ, мангала және овари жарыстары көрермендерсіз өтеді.
Азаматтардың жекелеген санаттары үшін әртүрлі жеңілдіктер қарастырылған. 50% жеңілдік мектеп оқушылары (6 жастан 18 жасқа дейін) мен зейнеткерлер үшін қолжетімді. 5 жасқа дейінгі балалар (орынсыз) мен I және II топтағы мүгедектер билеттерді тегін ала алады.
Жеңілдік билеттерін растайтын құжатты көрсеткеннен кейін оффлайн кассалардан сатып алуға болады.
Барлық жарысқа билеттерді ресми билет операторының www.zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.
Айта кетері, Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.