Алматы прокуратурасы кәсіпорынның жұмысына заңсыз араласқан басқарма басшысын жазалады

© Sputnik / Тимур БатыршинПрокурские погоны
Прокурские погоны - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Алматы қаласының прокуратурасы қалалық кәсіпорындардың бірін рұқсат құжаттарынан айыру туралы бұйрықтың күшін жойды.
Түрксіб ауданының Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ауыз су өндірумен айналысатын кәсіпорынды рұқсат құжаттарынан айыру туралы шешім шығарған. Алайда бизнес өкілінің шағымы бойынша тексеріс жүргізген қалалық прокуратура бұл бұйрықты заңсыз деп таныды.
"Қадағалау актісі бойынша аталған бұйрықтың күші жойылып, басқарма басшысы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабы бойынша жауаптылыққа тартылды. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмысы ерекше бақылауда", – деп хабарлады Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0