https://sputnik.kz/20240805/askerge-shaqyrylatyndardyn-sany-artady-46106719.html
Әскерге шақырылатындардың саны артады
Әскерге шақырылатындардың саны артады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстанда әскерге шақырылатын азаматтардың саны артады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 05.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-05T16:29+0500
2024-08-05T16:29+0500
2024-08-05T16:29+0500
әскери борыш
https://sputnik.kz/img/24/92/249261_0:599:1511:1449_1920x0_80_0_0_296a512bf249ee07f717c81d8c7cbc6d.jpg
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстанда әскерге шақырылатын азаматтардың саны артады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Ашық НҚА" порталында жарияланған қаулыға сәйкес, қорғаныс министрлігі биылдан бастап мерзімді әскери қызметке шақырылатын жастардың санын арттыруды жоспарлап қойды.Бүгінде "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы 443 Жарлығы бар. Үкімет оны іске асыру үшін 16 ақпанда 96 қаулысы қабылдаған. Дәл осы құжатқа өзгеріс енгізіліп отыр.Негізгі мақсат - Қарулы Күштердi, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру.Бұған дейінгі үкімет қаулысында 39 180 адамды мерзімді әскери қызметке шақыру жоспары болған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/24/92/249261_0:458:1511:1591_1920x0_80_0_0_1dd771b3987235f2560284a919477a97.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери борыш
Әскерге шақырылатындардың саны артады
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстанда әскерге шақырылатын азаматтардың саны артады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. "Ашық НҚА" порталында жарияланған қаулыға сәйкес, қорғаныс министрлігі биылдан бастап мерзімді әскери қызметке шақырылатын жастардың санын арттыруды жоспарлап қойды.
Бүгінде "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы 443 Жарлығы бар. Үкімет оны іске асыру үшін 16 ақпанда 96 қаулысы қабылдаған. Дәл осы құжатқа өзгеріс енгізіліп отыр.
"Әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 40 148 ер азаматты 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыру қамтамасыз етілсін", - делінген қаулы жобасында.
Негізгі мақсат - Қарулы Күштердi, басқа да əскерлер мен əскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыру.
Бұған дейінгі үкімет қаулысында 39 180 адамды мерзімді әскери қызметке шақыру жоспары болған.