https://sputnik.kz/20240805/aqtobe-oblysynda-nauqastar-tiisti-dari-darmekterdi-tolyq-kolemde-almagan-46111317.html
Ақтөбе облысында науқастар тиісті дәрі-дәрмектерді толық көлемде алмаған
Ақтөбе облысында науқастар тиісті дәрі-дәрмектерді толық көлемде алмаған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысының прокуратурасы Алға және Ойыл аудандық ауруханаларының қызметінде азаматтарға тегін қызмет көрсету бойынша бірқатар... 05.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-05T22:46+0500
2024-08-05T22:46+0500
2024-08-05T22:46+0500
ақтөбе облысы
дәрі-дәрмек
https://sputnik.kz/img/07e5/01/1a/16126491_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_a767a4d413fbdd1a79efe2c011995db2.jpg
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысының прокуратурасы Алға және Ойыл аудандық ауруханаларының қызметінде азаматтарға тегін қызмет көрсету бойынша бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.Алға ауданының аудандық ауруханасы созылмалы аурумен есепте тұрған 74 адамға қажетті анализдердің міндетті минимумын сақтамаған.Мысалы, гипертониялық аурумен есепте тұратын науқас А.-ны аудандық аурухананың медицина қызметкерлері дер кезінде тексермеген, оған тиісті медициналық қызмет көрсетілмеген, зерттеу жұмыстары жүргізілмеген.Артериялық гипертензия диагнозымен есепте тұрған, жүрек зақымдануы басым науқастарды қажетті тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етпеудің 36 жағдайы анықталды.Ақтөбе облысы прокуратурасы араласуынан кейін ғана заң бұзушылықтар жойылып, 100-ден астам адам қажетті дәрі-дәрмекпен және қызметпен қамтамасыз етілді.Сонымен қатар, қайтыс болғандарға медициналық қызмет көрсету фактілері анықталды. Көрсетілетін медициналық қызметтердің санын асыра бағалау мақсатында бұл қызметтер деректер базасына енгізілді.Мысалы, 2023 жылдың қазан айында аудандық аурухана аудан тұрғыны С.-ны жалпы медициналық тексеруден өткізсе, ал ол 2023 жылдың шілде айында қайтыс болған.Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/01/1a/16126491_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_cf6c279e602c543e35bffffbea269970.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, дәрі-дәрмек
ақтөбе облысы, дәрі-дәрмек
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысының прокуратурасы Алға және Ойыл аудандық ауруханаларының қызметінде азаматтарға тегін қызмет көрсету бойынша бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.
Алға ауданының аудандық ауруханасы созылмалы аурумен есепте тұрған 74 адамға қажетті анализдердің міндетті минимумын сақтамаған.
Мысалы, гипертониялық аурумен есепте тұратын науқас А.-ны аудандық аурухананың медицина қызметкерлері дер кезінде тексермеген, оған тиісті медициналық қызмет көрсетілмеген, зерттеу жұмыстары жүргізілмеген.
Артериялық гипертензия диагнозымен есепте тұрған, жүрек зақымдануы басым науқастарды қажетті тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етпеудің 36 жағдайы анықталды.
Ақтөбе облысы прокуратурасы араласуынан кейін ғана заң бұзушылықтар жойылып, 100-ден астам адам қажетті дәрі-дәрмекпен және қызметпен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, қайтыс болғандарға медициналық қызмет көрсету фактілері анықталды. Көрсетілетін медициналық қызметтердің санын асыра бағалау мақсатында бұл қызметтер деректер базасына енгізілді.
Мысалы, 2023 жылдың қазан айында аудандық аурухана аудан тұрғыны С.-ны жалпы медициналық тексеруден өткізсе, ал ол 2023 жылдың шілде айында қайтыс болған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауаптылыққа тартылды.