Алтын ұрлап жүрген 17 адам ұсталды – видео

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Подозреваемый в наручниках
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында алтын ұрлаумен және заңсыз өндірумен айналысқан қылмыстық топтар құрықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Мойынқұм ауданында "Алтыналмас" компаниясына қарасты "Ақбақай" комбинатының аумағынан құрамында алтыны бар кенді ұрлауға қатысы бар адамдар ұсталды. Бұдан бөлек, Ақбақай, Мойынқұм мен Бірлік кенттерінде 11 заңсыз ұсақтау цехы анықталды.
"Онда кен мен тастарды өңдеуге арналған арнайы жабдық, алтын, қаражат, сондай-ақ тоғыз атыс қаруы мен мыңнан астам оқ-дәрі тәркіленді. Ал "Қаракөз" карьерінің аумағында заңсыз кен іздеушілердің екі бригадасы ұсталды. Заңсыз кен өндіріп, шахталарға кірген 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді полицейлер.
Бұдан бөлек, арнайы іс-шараларды өткізу кезінде "Ақбақай" комбинатының аумағынан құрамында алтыны бар 600 қаптан астам шикізатты ұрлау фактісі анықталды. Оған комбинаттың бұрынғы қызметкерлерінің қатысы бар болып шықты. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жаңалықтар
0