https://sputnik.kz/20240805/almatyda-temirge-ilinip-qalgan-balanyn-zhagdayy-auyr--dariger-46103311.html
Алматыда темірге ілініп қалған баланың жағдайы ауыр – дәрігер
Алматыда темірге ілініп қалған баланың жағдайы ауыр – дәрігер
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Алматыда денесіне бірнеше жерден темір шарбақ кіріп кеткен жасөспірімнің жағдайы ауыр, деп хабарлады қалалық балаларға шұғыл... 05.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-05T12:46+0500
2024-08-05T12:46+0500
2024-08-05T12:46+0500
алматы
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0e/30321729_0:497:2047:1648_1920x0_80_0_0_4a3a65be15acb03dc62b7c1889fbb606.jpg
АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Алматыда денесіне бірнеше жерден темір шарбақ кіріп кеткен жасөспірімнің жағдайы ауыр, деп хабарлады қалалық балаларға шұғыл медициналық жәрдем орталығының баспасөз қызметі.Оқиға 1 тамызда болған. 9 жастағы бала велосипедпен кетіп бара жатып, үшкір темірден жасалған шарбаққа құлап, денесінің бірнеше жерінен темір кіріп кеткен. Жедел жәрдем баланы дереу Алматы балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөліміне жеткізген.Ақ халаттылардың айтуынша, баланың жағдайы ауыр."Орталыққа түскенде баланың мойын аймағында ұзындығы 6 см жара болды, одан 4 см/10 см өлшемді бөгде зат - металл қоршау бөлігі шығып тұрды", - дейді орталықтың қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мейіржан Құрманалиев.Дәрігерлер баланың денесінен найзаның ұшы сияқты металды алып тастау үшін 1,5 сағат ота жасаған."Жарақат салдарынан баланың трахеясы (2 сақинасы жыртылған), қалқанша безі, төменгі оң жақтың артқы қыртыстық табақшасының қозғалғыштығы, оң жағының шырышты қабаты қатты зақымдалған", - дейді орталықтың жақ-бет хирургі Аида Оразаева.Баланың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер бар күшін салған. Қазір баланың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде қарқынды терапиядан өтіп жатыр.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/0e/30321729_0:305:2047:1840_1920x0_80_0_0_2da3a1add5d1d8ee7cadc6c2ea129b0e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы
АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Алматыда денесіне бірнеше жерден темір шарбақ кіріп кеткен жасөспірімнің жағдайы ауыр, деп хабарлады қалалық балаларға шұғыл медициналық жәрдем орталығының баспасөз қызметі.
Оқиға 1 тамызда болған. 9 жастағы бала велосипедпен кетіп бара жатып, үшкір темірден жасалған шарбаққа құлап, денесінің бірнеше жерінен темір кіріп кеткен. Жедел жәрдем баланы дереу Алматы балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөліміне жеткізген.
"Балаға аралас жарақат деген диагноз қойылды. Жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, трахея мен ауыз қуысының зақымдалуы мен мойын жарақатын алған. Төменгі жақтың артқы кортикальды пластинкасының оң жақ бұрыш аймағы сынған", - дейді дерігерлер.
Ақ халаттылардың айтуынша, баланың жағдайы ауыр.
"Орталыққа түскенде баланың мойын аймағында ұзындығы 6 см жара болды, одан 4 см/10 см өлшемді бөгде зат - металл қоршау бөлігі шығып тұрды", - дейді орталықтың қабылдау бөлімінің меңгерушісі Мейіржан Құрманалиев.
Дәрігерлер баланың денесінен найзаның ұшы сияқты металды алып тастау үшін 1,5 сағат ота жасаған.
"Жарақат салдарынан баланың трахеясы (2 сақинасы жыртылған), қалқанша безі, төменгі оң жақтың артқы қыртыстық табақшасының қозғалғыштығы, оң жағының шырышты қабаты қатты зақымдалған", - дейді орталықтың жақ-бет хирургі Аида Оразаева.
Баланың өмірін аман алып қалу үшін дәрігерлер бар күшін салған. Қазір баланың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде қарқынды терапиядан өтіп жатыр.