Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ұлыбритания F-16 туралы мәлімдеме жасады

© AFP 2024 / Daniel LEAL-OLIVASЗдание парламента Великобритании
Здание парламента Великобритании - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин үшін Украинаға F-16 жойғыш ұшақтарының жеткізілуі ұтымды болуы мүмкін. Өйткені бұл ұшақтардың жойылуы Ресейдің имиджін одан әрі нығайтады. Бұл туралы The Independent жазды, деп хабарлайды Риа Новости.
"Ресей президенті Владимир Путин НАТО елдері жеткізген F-16 ұшақтарының жойылуынан келетін имиджден рақатқа бөленеді", - деп жазады басылым сарапшы Федерико Борсаридің сөзін келтіріп.
Ресейде бірнеше жүздеген жауынгерлік жойғыш ұшақ бар. The Independent анықтағандай, олардың ішінде F-16 үшін ең маңызды қауіптердің бірі Су-35 те бар.
Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері америкалық ұшақтарды атып түсіру үшін жеткілікті деңгейде тиімді. Ал украиналық ұшқыштар дайындықтан жылдам өтіп жатыр. Оларды Батыс ұшқыштары 3 жылдың орнына 9 ай ғана оқытып үйретті, деп атап өтті басылым.
Бір күн бұрын Bloomberg жағдайды білетін дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Солтүстік Атлантикалық Альянс елдері берген америкалық F-16 жойғыш ұшақтарының алғашқы "шағын" партиясы Украинаға жеткізілгенін хабарлады. Ресей СІМ АҚШ пен оның НАТО-лық серіктері бұл Мәскеумен тікелей қарулы қақтығыс қаупін тудыратынын бірнеше рет атап өтті, бұл апатты салдарға әкелуі мүмкін екенін ескертті.
Жаңалықтар
0