https://sputnik.kz/20240804/shymkentte-er-adam-zhukti-ayeli-men-ush-aylyq-narestesin-ayausyz-soqqyga-zhyqty-46084105.html
Шымкентте ер адам жүкті әйелі мен үш айлық нәрестесін аяусыз соққыға жықты
Шымкентте ер адам жүкті әйелі мен үш айлық нәрестесін аяусыз соққыға жықты
Sputnik Қазақстан
3 айлық бала жансақтау бөлімінде жатыр 04.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-04T13:31+0500
2024-08-04T13:31+0500
2024-08-04T13:31+0500
оқиға
шымкент
https://sputnik.kz/img/07e4/09/11/14982417_0:14:1198:688_1920x0_80_0_0_f90d7ec4a56d7b76eee214a9ee2a4824.jpg
АЛМАТЫ, 4 шілде - Sputnik. Шымкентте ер адам жүкті әйелі мен нәрестені аяусыз соққыға жыққан. Сәби жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оқиға 1 тамызда болған. Анасы үш айлық баласымен №1 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне сағат 23:57-де жедел жәрдем көлігімен жеткізілген.Алайда 3 айлық бала қатты жылап мазасызданған. Әйел күйеуі нәрестені ұрғанын айтқан. Дәрігерлер баланың басынан және денесінен соққы іздерін көрген. Дереу сәбиді қалалық балалар ауруханасына жіберген."Қазіргі таңда бала Асардағы балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді дәрігерлер.Баланың жағдайы ауыр. Ал жүкті әйел мен нәрестені ұрған ер адам қамауға алынды."Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді Шымкент қалалық полиция басқармасы.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/11/14982417_125:0:1192:800_1920x0_80_0_0_19faf6f1440b16792ceb3e5ef5e6150a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқиға, шымкент
Шымкентте ер адам жүкті әйелі мен үш айлық нәрестесін аяусыз соққыға жықты
3 айлық бала жансақтау бөлімінде жатыр
АЛМАТЫ, 4 шілде - Sputnik. Шымкентте ер адам жүкті әйелі мен нәрестені аяусыз соққыға жыққан. Сәби жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 1 тамызда болған. Анасы үш айлық баласымен №1 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне сағат 23:57-де жедел жәрдем көлігімен жеткізілген.
"Қабылдау бөлімінде тиісті тексерулерден толық өтіп, қажетті мамандар қарап, науқасты сағат 00:40 баласымен бірге жеке палатаға нейрохирургия бөлімшесіне жатқызған. Әйел бас-ми жарақатын алған, миы шайқалған. Келіншек жүктіліктің 12-ші аптасында", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.
Алайда 3 айлық бала қатты жылап мазасызданған. Әйел күйеуі нәрестені ұрғанын айтқан. Дәрігерлер баланың басынан және денесінен соққы іздерін көрген. Дереу сәбиді қалалық балалар ауруханасына жіберген.
"Қазіргі таңда бала Асардағы балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр", - дейді дәрігерлер.
Баланың жағдайы ауыр. Ал жүкті әйел мен нәрестені ұрған ер адам қамауға алынды.
"Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде", - дейді Шымкент қалалық полиция басқармасы.