https://sputnik.kz/20240804/qazaqstandyq-kolik-qyzmetkerleri-kasibi-merekesin-atap-otip-zhatyr-46081837.html
Елімізде көлік қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр
Елімізде көлік қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Жыл сайын тамыз айының бірінші жексенбісінде Қазақстанда көлік қызметкерлері күні атап өтіледі 04.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-04T11:14+0500
2024-08-04T11:14+0500
2024-08-04T11:19+0500
көлік
https://sputnik.kz/img/07e7/05/04/34570831_0:0:900:506_1920x0_80_0_0_4863fb4a8146dda5dea8214ff7a647b4.jpg
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Бүгін қазақстандық көлік қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтіп жатырЖыл сайын тамыз айының бірінші жексенбісінде Қазақстанда көлік қызметкерлері күні атап өтіледі.Ол ресми мәртебеге ие және 1998 жылы республика Президентінің жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелерінің тізбесіне кіреді.Қазіргі уақытта Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін нығайтуға тікелей байланысты салада жол-құрылыс жұмыстарының, жүк тасымалының көлемі ұлғайып, халықаралық әуе рейстерінің географиясы кеңейіп келеді. Көлік саласында 670 мыңға жуық адам еңбек етеді.Кәсіби мереке қарсаңында көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанның көлік саласының өкілдерін құттықтап, еңбегі еленген қызметкерлерге құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/04/34570831_97:0:900:602_1920x0_80_0_0_6837e111af3a48d103d4b14bc3ab418f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік
Елімізде көлік қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтіп жатыр
11:14 04.08.2024 (жаңартылды: 11:19 04.08.2024) Жыл сайын тамыз айының бірінші жексенбісінде Қазақстанда көлік қызметкерлері күні атап өтіледі
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Бүгін қазақстандық көлік қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтіп жатыр
Жыл сайын тамыз айының бірінші жексенбісінде Қазақстанда көлік қызметкерлері күні атап өтіледі.
Ол ресми мәртебеге ие және 1998 жылы республика Президентінің жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының кәсіби мерекелерінің тізбесіне кіреді.
Қазіргі уақытта Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін нығайтуға тікелей байланысты салада жол-құрылыс жұмыстарының, жүк тасымалының көлемі ұлғайып, халықаралық әуе рейстерінің географиясы кеңейіп келеді. Көлік саласында 670 мыңға жуық адам еңбек етеді.
Кәсіби мереке қарсаңында көлік министрі Марат Қарабаев Қазақстанның көлік саласының өкілдерін құттықтап, еңбегі еленген қызметкерлерге құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.
"Сондай-ақ, қазіргі уақытта еліміздің жоғары оқу орындары мен колледждерінде 60 мыңға жуық студент білім алуда. Сала өкілдерінің үйлесімді жұмысының арқасында көлік инфрақұрылымы белсенді түрде жаңартылуда, тасымалдау көлемі өсіп, мультимодальды тасымалдар іске асырылуда", - деді Қарабаев.