https://sputnik.kz/20240804/europada-aptap-ystyqtan-zhyl-sayyn-175-myn-adam-qaytys-bolady-46090795.html
Еуропада аптап ыстықтан жыл сайын 175 мың адам қайтыс болады
Еуропада аптап ыстықтан жыл сайын 175 мың адам қайтыс болады
Sputnik Қазақстан
Еуропалық аймақтағы ең ыстық үш жыл 2020 жылдан кейін, ал ең ыстық 10 жыл 2007 жылдан бері тіркелді 04.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-04T20:00+0500
2024-08-04T20:00+0500
2024-08-04T20:00+0500
еуропа
аптап ыстық
https://sputnik.kz/img/682/31/6823121_0:0:3077:1731_1920x0_80_0_0_1190525724415a02600c76cfc4b3914a.jpg
АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропада жыл сайын 175 000-нан астам адамның аптап ыстықтан көз жұматынын мәлімдеді, деп хабарлайды euronews.com.ДДҰ мұндай мәлімдемені БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш қатты ыстыққа қарсы әрекет жасауға шақырғаннан кейін бірнеше күн өткен соң жасады.Еуропалық аймақтағы ең ыстық үш жыл 2020 жылдан кейін, ал ең ыстық 10 жыл 2007 жылдан бері тіркелді. Кейінгі 20 жылда әлемнің барлық елінде ыстықтан болатын өлім-жітім 30%-ке өсті.Төтенше температура созылмалы ауруларды, соның ішінде жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, психикалық ауруларды күшейтеді, дейді дәрігерлер.Бұл егде жастағы адамдар үшін, әсіресе жалғызбасты адамдар үшін, сондай-ақ жүкті әйелдер үшін қауіпті.Ұлттық деңгейде Еуропаның 20-дан астам елі азаматтарға климаттың өзгеруінің осы қауіпті аспектісіне бейімделуге көмектесу үшін ыстыққа қарсы іс-қимыл жоспарларын жасады.Алайда ДДҰ халықты қорғау үшін көп нәрсе істеу керек деп ескертеді. Бонндағы (Германия) еуропалық қоршаған орта және денсаулық орталығында үкіметтерге бағытталған жаңартылған нұсқаулық дайындалуда.
еуропа
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/682/31/6823121_230:0:2961:2048_1920x0_80_0_0_c5de140b71bf79dd89ce4a7fedf02d19.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еуропа, аптап ыстық
Еуропада аптап ыстықтан жыл сайын 175 мың адам қайтыс болады
Еуропалық аймақтағы ең ыстық үш жыл 2020 жылдан кейін, ал ең ыстық 10 жыл 2007 жылдан бері тіркелді
АЛМАТЫ, 4 шілде – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропада жыл сайын 175 000-нан астам адамның аптап ыстықтан көз жұматынын мәлімдеді, деп хабарлайды
euronews.com. ДДҰ мұндай мәлімдемені БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерриш қатты ыстыққа қарсы әрекет жасауға шақырғаннан кейін бірнеше күн өткен соң жасады.
"Миллиардтаған адам қатты ыстыққа ұрынады, олардың көпшілігі температура 50 градустан жоғары болған кезде жылу толқындарынан өледі", - деген болатын Антонио Гутерриш.
Еуропалық аймақтағы ең ыстық үш жыл 2020 жылдан кейін, ал ең ыстық 10 жыл 2007 жылдан бері тіркелді. Кейінгі 20 жылда әлемнің барлық елінде ыстықтан болатын өлім-жітім 30%-ке өсті.
Төтенше температура созылмалы ауруларды, соның ішінде жүрек-қан тамырлары, тыныс алу, психикалық ауруларды күшейтеді, дейді дәрігерлер.
Бұл егде жастағы адамдар үшін, әсіресе жалғызбасты адамдар үшін, сондай-ақ жүкті әйелдер үшін қауіпті.
Ұлттық деңгейде Еуропаның 20-дан астам елі азаматтарға климаттың өзгеруінің осы қауіпті аспектісіне бейімделуге көмектесу үшін ыстыққа қарсы іс-қимыл жоспарларын жасады.
Алайда ДДҰ халықты қорғау үшін көп нәрсе істеу керек деп ескертеді. Бонндағы (Германия) еуропалық қоршаған орта және денсаулық орталығында үкіметтерге бағытталған жаңартылған нұсқаулық дайындалуда.