Мәскеуде Астананың мәдениет күндері өтті

© Посольство России в Казахстане Посол Казахстана в России Даурен Абаев
Посол Казахстана в России Даурен Абаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 тамыз - Sputnik. Мәскеуде Астананың мәдениет күндері аяқталды, деп хабарлайды Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.
Іс-шаралар аясында москвалықтар қазақтың бай мәдениетімен танысты.
"Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен мен елордалық мәслихат төрағасы Канан Каналимов бастаған делегация Мәскеу үкіметінің министрі, сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің басшысы Сергей Череминмен және Мәскеу қалалық Думасының төрағасы Алексей Шапошниковпен келіссөздер жүргізді. Сондай-ақ мәдени ынтымақтастық бойынша дөңгелек үстел және екі Астананың туристік бизнес өкілдерінің кездесуі өтті", - делінген хабарламада.
"Астана - любовь моя" Люблин саябағындағы фотокөрмеге келушілер қазақстандық Астананың көрікті жерлерін бейнелейтін дарынды қазақстандық авторлардың жұмыстарын тамашалады. Астана қаласының мәдениет күндерінің соңғы аккорды Қазақстанның өнер шеберлерінің қатысуымен Мәскеу халықаралық музыка үйінде өткен орасан зор гала-концерт болды.
Іс-шара алдында сөз сөйлеген Астана мәслихатының төрағасы Канан Каналимов келесі жылы Астана мен Мәскеудің бауырластығы туралы келісімге 25 жыл толатынын еске салды. Оның айтуынша, Ресей астанасына келген сайын қазақстандық әртістер әр көрерменге ұмытылмас әсер қалдыруы үшін өз репертуарының ең жақсысын көрсетуге тырысады.
Мәскеу үкіметінің министрі, сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар департаментінің басшысы Сергей Черемин оған "Қыз Жібек" этнофольклорлық мюзиклі – махаббат пен отбасылық құндылықтарға толы таңғажайып көркемдік іс-әрекет әсер еткенін мойындады. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев мәдени дипломатияны көпір салудың ең тиімді құралы деп атады: бірлескен саяси және экономикалық жобалар ақыл-ойды жақындастырады, ал мәдениет жанды жақындастырады.
"Біздің елдеріміздің мәдениет күндері өте маңызды және жақсы дәстүр. Өйткені, ол біздің халықтарымыздың рухани байланысын, достығы мен одақтастығын нығайтады", - деп атап өтті елші.
Гала-концертке опера әншілері Нұржамал Үсенбаева мен Сүндет Байғожин, қазақстандық эстрада аңызы Роза Рымбаева, Ержан Тоқсабанов пен Михаил Кандауровтың орындауындағы Домбыра мен балалайканың ерекше музыкалық дуэті және тағы басқалар өнер көрсетті.
Жаңалықтар
0