https://sputnik.kz/20240803/duniezhuzilik-koshpendiler-oyyndary-zhekpe-zhek-sarayynda-qanday-zharystar-otedi-46074689.html
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: жекпе-жек сарайында қандай жарыстар өтеді
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: жекпе-жек сарайында қандай жарыстар өтеді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 3 шілде - Sputnik. 8-13 қыркүйек аралығында елордада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Жарыс өтетін спорт нысандарының бірі – Ж.Үшкемпіров... 03.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-03T14:38+0500
2024-08-03T14:38+0500
2024-08-07T09:32+0500
видео
астана
дүниежүзілік көшпенділер ойыны
https://sputnik.kz/img/07e8/08/07/46135473_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_ee030aff45ac810589237bccb12001ae.jpg
АЛМАТЫ, 3 шілде - Sputnik. 8-13 қыркүйек аралығында елордада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Жарыс өтетін спорт нысандарының бірі – Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы. Мұнда ұлттық күрес түрлері бойынша жарыстар өтеді: қазақ күресі, корэш және алыш, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясына сілтеме жасап.Спорт кешені 2021 жылдың 8 қыркүйегінде Қабанбай батыр даңғылы мен Керей мен Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашылды.Жақсылық Үшкемпіров – классикалық стильдегі балуан, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері, еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.Жекпе-жек сарайы 3 294,6 шаршы метрлік заманауи аренамен және 5000 көрерменге арналған сыйымдылықпен жабдықталған. Мұнда республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстар мен чемпионаттар өткізіледі.Сарай сонымен қатар арбамен қозғалатындарға арналған арнайы орындармен, сондай-ақ аренаға кіру үшін панорамалық лифтпен жабдықталған.Еске сала кетейік, ойындарға әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық спортшы қатысады.Ойындар үш бағыт бойынша өтеді – спорт, мәдениет және ғылым.Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының инфрақұрылымына елордалық 6 нысан кірді: "Астана-Арена" стадионы, "Қазанат" ипподромы, Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, "Алау" мұз сарайы, "Qazaqstan" жеңіл атлетикалық спорт кешені, "Думан" кешені.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/07/46135473_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_a42013d93bdfa5ec8b5dc5e8d43d6908.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, дүниежүзілік көшпенділер ойыны, видео
астана, дүниежүзілік көшпенділер ойыны, видео
АЛМАТЫ, 3 шілде - Sputnik. 8-13 қыркүйек аралығында елордада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Жарыс өтетін спорт нысандарының бірі – Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы. Мұнда ұлттық күрес түрлері бойынша жарыстар өтеді: қазақ күресі, корэш және алыш, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының дирекциясына сілтеме жасап.
Спорт кешені 2021 жылдың 8 қыркүйегінде Қабанбай батыр даңғылы мен Керей мен Жәнібек хандар көшелерінің қиылысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ашылды.
Жақсылық Үшкемпіров – классикалық стильдегі балуан, Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері, еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
Жекпе-жек сарайы 3 294,6 шаршы метрлік заманауи аренамен және 5000 көрерменге арналған сыйымдылықпен жабдықталған. Мұнда республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстар мен чемпионаттар өткізіледі.
Сарай сонымен қатар арбамен қозғалатындарға арналған арнайы орындармен, сондай-ақ аренаға кіру үшін панорамалық лифтпен жабдықталған.
Еске сала кетейік, ойындарға әлемнің 89 елінен 2000-ға жуық спортшы қатысады.
Ойындар үш бағыт бойынша өтеді – спорт, мәдениет және ғылым.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының инфрақұрылымына елордалық 6 нысан кірді: "Астана-Арена" стадионы, "Қазанат" ипподромы, Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы, "Алау" мұз сарайы, "Qazaqstan" жеңіл атлетикалық спорт кешені, "Думан" кешені.