https://sputnik.kz/20240803/astanada-ozbekstannyn-kino-kunderi-otedi-46072610.html
Астанада Өзбекстанның кино күндері өтеді
Астанада Өзбекстанның кино күндері өтеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. 6-7 тамызда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Chaplin кинотеатрында... 03.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-03T10:38+0500
2024-08-03T10:38+0500
2024-08-03T10:38+0500
кино
өзбекстан
https://sputnik.kz/img/109/22/1092298_0:102:1971:1211_1920x0_80_0_0_0bb626278dcf2ba2e8f0564da1184675.jpg
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. 6-7 тамызда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Chaplin кинотеатрында Өзбекстан кино күндері өтеді.Елорда тұрғындары мен қонақтары өзбек кинематографтарының екі фильмін тегін көре алады.Бірінші фильм — режиссер М.Эркинов 2023 жылы түсірген "Абдулла Орипов: Тәуелсіздік әншісі" киносы.Туындыда Өзбекстан мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы, көрнекті ақыны Абдулла Ориповтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалады.Көрермен ақынның балалық және жастық шағына саяхаттап, оның өзбек әдебиеті мен мәдениетіне қосқан елеулі үлесінен хабардар бола алады.Екінші фильм "Яша, хотин!"(Жаса, әйел!) комедиясы отбасылық құндылық тақырыбын әзілмен ашады.Оқиға зейнетке шыққаннан кейін өзін жалғыз сезінетін ұмытшақ басты кейіпкер туралы.Фильм ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы өзара сүйіспеншілік пен қамқорлықтың маңызын баяндайды.Кино өнері арқылы Өзбекстанның ғибратқа толы дәстүрімен, мәдениетімен танысу мүмкіндігінен қапы қалмаңыз. Айта кетейік, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары 7 және 8 тамыз аралығына жоспарланған.
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/109/22/1092298_111:0:1860:1312_1920x0_80_0_0_a92c2f6d9ce18616b24090121ad5c0fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кино, өзбекстан
АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. 6-7 тамызда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Chaplin кинотеатрында Өзбекстан кино күндері өтеді.
Елорда тұрғындары мен қонақтары өзбек кинематографтарының екі фильмін тегін көре алады.
Бірінші фильм — режиссер М.Эркинов 2023 жылы түсірген "Абдулла Орипов: Тәуелсіздік әншісі" киносы.
Туындыда Өзбекстан мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы, көрнекті ақыны Абдулла Ориповтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалады.
Көрермен ақынның балалық және жастық шағына саяхаттап, оның өзбек әдебиеті мен мәдениетіне қосқан елеулі үлесінен хабардар бола алады.
Екінші фильм "Яша, хотин!"(Жаса, әйел!) комедиясы отбасылық құндылық тақырыбын әзілмен ашады.
Оқиға зейнетке шыққаннан кейін өзін жалғыз сезінетін ұмытшақ басты кейіпкер туралы.
Фильм ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы өзара сүйіспеншілік пен қамқорлықтың маңызын баяндайды.
Кино өнері арқылы Өзбекстанның ғибратқа толы дәстүрімен, мәдениетімен танысу мүмкіндігінен қапы қалмаңыз.
Айта кетейік, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары 7 және 8 тамыз аралығына жоспарланған.