https://sputnik.kz/20240802/ulttyq-olimpiada-komiteti-qazaqstandyq-boksshynyn-natizhesine-qatysty-shagym-tusirdi-46049935.html
Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық боксшының нәтижесіне қатысты шағым түсірді
Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық боксшының нәтижесіне қатысты шағым түсірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті 63,5 келі салмақта жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурули... 02.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-02T08:26+0500
2024-08-02T08:26+0500
2024-08-02T08:26+0500
олимпиада-2024
бокс
https://sputnik.kz/img/333/20/3332058_0:50:1921:1130_1920x0_80_0_0_d932e182744263ae722a215891d4b695.jpg
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті 63,5 келі салмақта жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурули арасындағы жекпе-жек нәтижесін түсіндіруді талап етіп, ресми түрде PBU-ға (Paris boxing Unit) шағым түсірді.Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ҰОК қазақстандық боксшылардың жекпе-жегінде төрелік еткен жекелеген төрешілерге қатысты PBU-ға ескерту жасады. Ескерту қабылданып, қазіргі таңда зерттеу жүргізіліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/333/20/3332058_79:0:1786:1280_1920x0_80_0_0_1c32cd91cc6e713b7afac532e945251b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
олимпиада-2024, бокс
Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық боксшының нәтижесіне қатысты шағым түсірді
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті 63,5 келі салмақта жұдырықтасқан Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен грузиялық Лаша Гурули арасындағы жекпе-жек нәтижесін түсіндіруді талап етіп, ресми түрде PBU-ға (Paris boxing Unit) шағым түсірді.
"Қазақстан Ұлттық олимпиада комитеті Мұхаммедсабыр Базарбайұлының жекпе-жегіне қатысты шағым түсірді. Біз бұл нәтижемен келіспейміз және PBU-дан түсініктіме талап еттік. Бұдан ХОК та хабардар.Біздің ойымызша, қазақстандық боксшы 2024 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына жолдама беретін маңызды кездесуде жеңіске жетті. Өткен жекпе-жектің нәтижесін қайта қарау мүмкін еместігін де түсінеміз.Алайда, біз ірі халықаралық жарыстағы төрелік әділ әрі таза болғанын қалаймыз", - деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ҰОК қазақстандық боксшылардың жекпе-жегінде төрелік еткен жекелеген төрешілерге қатысты PBU-ға ескерту жасады. Ескерту қабылданып, қазіргі таңда зерттеу жүргізіліп жатыр.