https://sputnik.kz/20240802/tursyngali-edilov-boksshylardyn-nelikten-sharshap-zhurgenin-tusindirdi-46062726.html
Тұрсынғали Еділов боксшылардың неліктен "шаршап жүргенін" түсіндірді
Тұрсынғали Еділов боксшылардың неліктен "шаршап жүргенін" түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Кәсіби маман рингте жанын берген ешкімді байқамағанын айтты 02.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-02T17:22+0500
2024-08-02T17:22+0500
2024-08-02T21:38+0500
олимпиада ойындары
бокс
https://sputnik.kz/img/1291/95/12919552_0:158:3001:1846_1920x0_80_0_0_38198bb156d19075fee1a07c9032a49b.jpg
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Париж Олимпиадасында Қазақстанның ерлер құрамасынан екі боксшы ғана қалды. Барлық салмақ дәрежесі бойынша жеті бірдей жолдама болды. Бірақ бесеуі ширек финалдан аса алмады. Ұлттық Олимпиада комитеті соңғы жекпе-жекке қатысты наразылық та білдірді. Алайда төрешілердің шешімі өзгермейді. Sputnik Қазақстан тілшісі ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Тұрсынғали Еділовтың боксшылардың дайындығына қатысты пікірін білді."Төрешілерге жаба салу оңай"Тұрсынғали Еділовтың ойынша боксшылардың дайындығына бірнеше фактор әсер етеді. Біріншіден, олимпиадалық цикл кезінде өтетін жаттығулардың кестесі дұрыс болуы керек. Сонда спортшы негізгі жарысқа толығымен дайын тұрады.Оның айтуынша, боксшылардың дайындығына талдау жасау керек. Бәрін төрешілерге жаба салу дұрыс емес."Төрешілер кінәлі деп айтқан далбаса. Боксшының жеңіске деген жігері, ұмтылысы болса, береді ғой. Өткенде Оралбай нокдаун алды. Сонда да бізге берді ғой. Әрине, төрешілердің арасында түсініксіз баға беретіндер болады. Дегенмен спортшының айқын басымдығын ешкім жоққа шығара алмайды. Шымбергенов былтыр Ташкентте өзбектің мықты боксшыларын нокдаунмен жеңді. Төрешілер жеңісін берді ғой. Осы жолы ондай дайындықты байқамадым. Әрине, қазір төрешілерге жаба салу оңай", - деп атап өтті Еділов."Токиода да солай болды"Кәсіби маман боксшылардың барлық жекпе-жегін көргенін айтады. Жеңілістің "себептерін" де оқып отырады екен.Оның айтуынша Олимпиада кезінде әрбір спортшының ұйқысына, жеген тамағына ерекше мән беріп, жіті бақылау керек. Бұның барлығы – кешенді жұмыс. Ғылыми тұрғыда қолға алған жөн."Ал бізде жарыс болады, өтті, қалды. Сосын тағы жиындар басталады. Оған да қыруар қаржы бөлінеді. Бірақ кешенді жұмыс жүргізілмейді. Бұрынғыдай жүре беруге болмайды. Бәрін ғылыми тұрғыда зерттеп, жолға қою қажет. Сонда ғана алға баса аламыз", - деді Еділов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.Төрт боксшымыз барПариж Олимпиадасына барған жеті боксшының бесеуі - Асланбек Шымбергенов (71 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары), Махмұд Сабырхан (57 келі), Айбек Оралбай (92 келі) мен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (62,5 келі) жарыс жолынан шығып қалды. Бүгін қалған екеуі – Сәкен Бибосынов (51 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі) жартылай финалға шығу үшін жекпе-жек өткізеді.Бұдан бөлек, бокста екі қызымыз – Карина Ибрагимова (57 келі) мен Назым Қызайбай (50 келі) бар. Ибрагимова бүгін алғашқы жекпе-жегіне шығады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1291/95/12919552_164:0:2835:2003_1920x0_80_0_0_0a85aa9d91669cdb4969714f8270bb30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Арман Асқар
https://sputnik.kz/img/07e6/02/01/22341520_723:0:2771:2048_100x100_80_0_0_d2b701657c73ab2015b40d4462be5643.jpg
олимпиада ойындары, бокс
Тұрсынғали Еділов боксшылардың неліктен "шаршап жүргенін" түсіндірді
17:22 02.08.2024 (жаңартылды: 21:38 02.08.2024) Кәсіби маман рингте жанын берген ешкімді байқамағанын айтты
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Париж Олимпиадасында Қазақстанның ерлер құрамасынан екі боксшы ғана қалды. Барлық салмақ дәрежесі бойынша жеті бірдей жолдама болды. Бірақ бесеуі ширек финалдан аса алмады. Ұлттық Олимпиада комитеті соңғы жекпе-жекке қатысты наразылық та білдірді. Алайда төрешілердің шешімі өзгермейді.
Sputnik Қазақстан тілшісі ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері Тұрсынғали Еділовтың боксшылардың дайындығына қатысты пікірін білді.
"Төрешілерге жаба салу оңай"
Тұрсынғали Еділовтың ойынша боксшылардың дайындығына бірнеше фактор әсер етеді. Біріншіден, олимпиадалық цикл кезінде өтетін жаттығулардың кестесі дұрыс болуы керек. Сонда спортшы негізгі жарысқа толығымен дайын тұрады.
"Жігіттердің көзінде от жоқ. Дайындық кезінде асыра сілтеп жіберген сияқты. Сосын алғашқы лектің сәтсіздігі де әсер етуі мүмкін. Алдымен команда капитаны Шымбергенов ұтылды, одан кейін Қоңқабаев жеңіліп қалды. Ондайда басқа боксшыларға психологиялық тұрғыда қиын болады. Біреулер күйіп кетеді, енді біреулер төрешілерге сенбей шығады", - дейді Еділов.
Оның айтуынша, боксшылардың дайындығына талдау жасау керек. Бәрін төрешілерге жаба салу дұрыс емес.
"Төрешілер кінәлі деп айтқан далбаса. Боксшының жеңіске деген жігері, ұмтылысы болса, береді ғой. Өткенде Оралбай нокдаун алды. Сонда да бізге берді ғой. Әрине, төрешілердің арасында түсініксіз баға беретіндер болады. Дегенмен спортшының айқын басымдығын ешкім жоққа шығара алмайды. Шымбергенов былтыр Ташкентте өзбектің мықты боксшыларын нокдаунмен жеңді. Төрешілер жеңісін берді ғой. Осы жолы ондай дайындықты байқамадым. Әрине, қазір төрешілерге жаба салу оңай", - деп атап өтті Еділов.
Кәсіби маман боксшылардың барлық жекпе-жегін көргенін айтады. Жеңілістің "себептерін" де оқып отырады екен.
"Қазір олай-бұлай істеп едік деп айтып жатыр ғой. Көрдік қой, бірінші раунд береді, одан кейін алады. Бірақ рингте жанын берген ешкімді байқамадық. Жігіттер шаршап жүрген сияқты. Токиода да солай болды. Дәрігер мамандар бар. Солар қайда қарап отыр? Әрбір спортшының жағдайдын біліп жүру керек. Қазір бәрі бар ғой, ақшаны да аямай беріп жатыр", - дейді Еділов.
Оның айтуынша Олимпиада кезінде әрбір спортшының ұйқысына, жеген тамағына ерекше мән беріп, жіті бақылау керек. Бұның барлығы – кешенді жұмыс. Ғылыми тұрғыда қолға алған жөн.
"Ал бізде жарыс болады, өтті, қалды. Сосын тағы жиындар басталады. Оған да қыруар қаржы бөлінеді. Бірақ кешенді жұмыс жүргізілмейді. Бұрынғыдай жүре беруге болмайды. Бәрін ғылыми тұрғыда зерттеп, жолға қою қажет. Сонда ғана алға баса аламыз", - деді Еділов
Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Париж Олимпиадасына барған жеті боксшының бесеуі - Асланбек Шымбергенов (71 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары), Махмұд Сабырхан (57 келі), Айбек Оралбай (92 келі) мен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (62,5 келі) жарыс жолынан шығып қалды. Бүгін қалған екеуі – Сәкен Бибосынов (51 келі) пен Нұрбек Оралбай (80 келі) жартылай финалға шығу үшін жекпе-жек өткізеді.
Бұдан бөлек, бокста екі қызымыз – Карина Ибрагимова (57 келі) мен Назым Қызайбай (50 келі) бар. Ибрагимова бүгін алғашқы жекпе-жегіне шығады.