https://sputnik.kz/20240802/turkiyada-instagram-bugattaldy-46053227.html
Түркияда Instagram* бұғатталды
Түркияда Instagram* бұғатталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Түркияда Instagram* әлеуметтік желісіне кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды РИА Новости. 02.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-02T13:19+0500
2024-08-02T13:19+0500
2024-08-02T13:19+0500
түркия
әлеуметтік желілер
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0f/18426206_0:140:3145:1909_1920x0_80_0_0_43829eae040d8165f517f26be04e4bed.jpg
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Түркияда Instagram* әлеуметтік желісіне кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды РИА Новости.Дегенмен, бұғаттау себептері мен оның ұзақтығы көрсетілмеген.Әлеуметтік желіге жұма күні таңертеңнен бері мобильді құрылғылардан да, компьютерлерден де кіру мүмкін емес.Еске салсақ, 31 шілдеде Түркия президенті әкімшілігі жанындағы байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун әлеуметтік желі палестиналық ХАМАС қозғалысы саяси бюросының басшысы Исмаил Хания қайтыс болғаннан кейін желі қолданушыларының көңіл айту хабарламаларын жариялауына кедергі жасап жатыр деп айыптады. Алтун әлеуметтік желінің әрекетін цензураның көрінісі деп атап, мұндай платформаларға қарсы шара қолдану арқылы сөз бостандығын қорғауға уәде берді.Ханияның өлімінен кейін Түркия жұманы ұлттық аза тұту күні деп жариялады.Сәрсенбі күні палестиналық ХАМАС қозғалысы Иранның жаңа президентінің инаугурациясына қатысу үшін келіп, Тегерандағы резиденциясында болған кезде жасалған израильдік соққы беру нәтижесінде Саяси бюро басшысының қайтыс болғанын хабарлады. Қозғалыс Ханияның өліміне Израиль мен АҚШ-ты айыптап, шабуылдың жауапсыз қалмайтынын мәлімдеді.*Ресейде Мета қызметі (Facebook және Instagram әлеуметтік желілері) экстремистік деп танылып, оларға тыйым салынған.
түркия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0f/18426206_207:0:2938:2048_1920x0_80_0_0_0e4819837559692141fcd9ee19ae5d07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркия, әлеуметтік желілер
түркия, әлеуметтік желілер
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Түркияда Instagram* әлеуметтік желісіне кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды РИА Новости.
"2 тамызда Instagram.com* сайтына кіру Ақпараттық технологиялар және байланыс кеңесінің шешімімен бұғатталды", - деп жазылған хабарламада.
Дегенмен, бұғаттау себептері мен оның ұзақтығы көрсетілмеген.
Әлеуметтік желіге жұма күні таңертеңнен бері мобильді құрылғылардан да, компьютерлерден де кіру мүмкін емес.
Еске салсақ, 31 шілдеде Түркия президенті әкімшілігі жанындағы байланыс басқармасының басшысы Фахреттин Алтун әлеуметтік желі палестиналық ХАМАС қозғалысы саяси бюросының басшысы Исмаил Хания қайтыс болғаннан кейін желі қолданушыларының көңіл айту хабарламаларын жариялауына кедергі жасап жатыр деп айыптады. Алтун әлеуметтік желінің әрекетін цензураның көрінісі деп атап, мұндай платформаларға қарсы шара қолдану арқылы сөз бостандығын қорғауға уәде берді.
Ханияның өлімінен кейін Түркия жұманы ұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Сәрсенбі күні палестиналық ХАМАС қозғалысы Иранның жаңа президентінің инаугурациясына қатысу үшін келіп, Тегерандағы резиденциясында болған кезде жасалған израильдік соққы беру нәтижесінде Саяси бюро басшысының қайтыс болғанын хабарлады. Қозғалыс Ханияның өліміне Израиль мен АҚШ-ты айыптап, шабуылдың жауапсыз қалмайтынын мәлімдеді.
*Ресейде Мета қызметі (Facebook және Instagram әлеуметтік желілері) экстремистік деп танылып, оларға тыйым салынған.