Шекарадан 800 келіге жуық есірткіні өткізбек болған шетелдіктер ұсталды

© AFP 2024 / FRENCH CUSTOMSГероин, архивное фото
Героин, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Құны 15 млн доллар болатын аса ірі есірткі партиясын шекарадан өткізбек болған шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды ҰҚК Шекара қызметі.
31 мамырда Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар қызметтік иттің көмегімен ауыр жүк көлігінде аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті есірткіні тауып, тәркілеген.
Сараптама нәтижесінде алынған заттардың құрамында героин бары анықталды. Оның жалпы салмағы – 775 келі. Табылған есірткінің "қара" нарықтағы құны 15 млн АҚШ долларынан асып түседі.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0