Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Сауалнама украиндардың жартысынан көбі Ресеймен келіссөзді қолдайтынын көрсетті

© Sputnik / Алексей ФурманКиев, виды города
Киев, виды города - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Киев халықаралық әлеуметтану институты (КХӘИ) жүргізген сауалнамаға сәйкес, украиндардың 60%-ға жуығы Украина қақтығысты реттеу үшін Ресеймен келіссөзге көшуі керек деп санайды.
Сауалнама 8-25 мамыр аралығында телефон арқылы сұхбат алу әдісімен жүргізілді. Оған 2508 респондент қатысты.
"57%-ы Украина бейбітшілікке қол жеткізу үшін Ресеймен келіссөзге кірісуі керек деп санайды, бұл 2022 жылдың мамыр айындағы нәтижеге жақын, ол кезде 59%-ы Украинаның келіссөз жүргізгенін қалайтынын айтқан", - делінген КХӘИ сайтында жарияланған ақпаратта.
Зерттеуге сәйкес, респонденттердің 38%-ы Украина Ресей Федерациясымен келіссөзге бармауы керек деп есептейді.
Еске салайық, 15 шілдеде украиналық "Зеркало недели" басылымы сауалнамаға сәйкес Ресеймен бейбіт келіссөзді қолдайтын Украина тұрғындарының үлесі 44%-ға жеткенін мәлімдеді.
Бір күн бұрын Владимир Зеленский кеңсесінің басшысы Андрей Ермак Украинадағы қақтығысты тез арада тоқтату қажеттігі туралы айтып, Украина бойынша осы жылы өткізілуі мүмкін екінші конференция соғыс қимылдарын тоқтатып, келіссөздерге жол ашады деген үмітін білдірді.
Соңғы күндері Киев өкілдері бұған дейін үзілді-кесілді қарсы болғанымен, ықтимал келіссөздер мен қақтығысты тоқтату туралы көбірек айта бастады.
Осы аптада Зеленский француздың Monde газетіне берген сұхбатында аумақтарды қайтару шартынсыз Ресеймен келіссөздерді бастау мүмкіндігі туралы айтты. Ол сондай-ақ аумақтық мәселені Украина халқы референдумда шешуі керек екенін және бұл өте күрделі мәселе екенін жеткізді.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша Қырым, ДХР, ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарының Ресейдің аймақтары мәртебесін тануын, Украинаның блоктан тыс және ядролық қарусыз мәртебесін бекітуді, оны демилитаризациялау және денацификациялауды, Ресейге қарсы санкцияларды жоюды көздейтін жаңа бітімгершілік ұсыныстарын айтқан болатын. Киев бітімге келудің бұл талаптарын қабылдамады.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путиннің Украинамен келіссөз жүргізу мүмкіндігін жоққа шығармайтынын түсіндірді. Алайда Киев келіссөздерге заңнамалық деңгейде тыйым салып, Мәскеудің бітімгершілік ұсыныстарын қабылдамады.
Жаңалықтар
0