Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Қытай Украина мәселесінде Бразилиямен үйлестіруді күшейтеді

© AP Photo / Ng Han GuanФлаги Китая
Флаги Китая - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Қытай Украина дағдарысының түпкілікті саяси шешімін бірлесіп ілгерілету үшін Бразилиямен өзара іс-қимыл мен үйлестіруді күшейтуге дайын, деп мәлімдеді Қытай үкіметінің Еуразия істері жөніндегі арнайы өкілі Ли Хуэй, деп хабарлады РИА Новости.
Қытай Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 29 шілдеде Ли Хуэй Бразилияға барып, бразилиялық билік өкілдерімен Украина дағдарысы мәселесін талқылаған.
"Қазіргі уақытта Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс әлі де жалғасуда, жағдайды реттеуге көмектесу бірінші кезектегі міндет", - деді Ли Хуэй.
Сондай-ақ ол Украина дағдарысын саяси жолмен реттеуге жәрдемдесу мақсатында Қытай мен Бразилия әзірлеген алты тармақтан тұратын консенсус әлемнің 110-нан астам елі құптағанын айтты.
"Қытай Украина дағдарысының түпкілікті саяси шешімін бірлесіп ілгерілету үшін Бразилиямен өзара іс-қимыл мен үйлестіруді нығайтуға дайын", - деді арнайы өкіл.
Қытай Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, бразилиялық тарап Қытайдың бейбітшілік пен келіссөздерді ілгерілетудегі сындарлы рөлін жоғары бағалады, сондай-ақ Бразилия мен Қытайдың дағдарыстық жағдайға көзқарастары ұқсас екенін мәлімдеді.
Бразилиялық тарап "Қытаймен бірге алты тармақтан тұратын консенсусты ілгерілетуді және саяси реттеу үшін жағдай жасауды жалғастыруға дайын екенін білдірді", деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Жаңалықтар
0