Грант иегерлерінің тізімі ертең жарияланады

© Public DomainСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2024
Жазылу
Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызда аяқталады
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Грант иегерлерінің тізімі 3 тамызда жарияланады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек хабарлады.
"Бүгін мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын аяқтады. Грант иегерлерінің тізімі 3 тамызда жарияланады", - деп жазды ол желідегі парақшасында.
Талапкерлердің басым бөлігінің таңдауы "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бағыттарындағы мамандықтарға түсті.
Конкурстық ірiктеудiң қорытындысы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және Telegram арнасында 3 тамыз күні сағат 11.00-де жарияланады, сондай-ақ Ұлттық тестілеу орталығының Telegram арнасы мен студенттерге арналған ақпараттық анықтамалық портал mapp.kz сайтында орналастырылады.
Ал жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызда аяқталады.
Жаңалықтар
0