https://sputnik.kz/20240802/deni-sassu-ngesso-qazaqstandy-kongonyn-munay-sektoryna-investitsiya-saluga-shaqyrdy-46056027.html
Дени Сассу-Нгессо Қазақстанды Конгоның мұнай секторына инвестиция салуға шақырды
Дени Сассу-Нгессо Қазақстанды Конгоның мұнай секторына инвестиция салуға шақырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Конго Республикасының... 02.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-02T14:50+0500
2024-08-02T14:50+0500
2024-08-02T14:50+0500
қасым-жомарт тоқаев
кездесу
https://sputnik.kz/img/07e8/08/02/46054138_0:32:1280:752_1920x0_80_0_0_37ce130c55d52866c31502962c415164.jpg
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо Қазақстанды Конгоның мұнай секторына инвестиция салуға шақырды."Менің елімінің экономикасы да Қазақстан сияқты негізінен мұнай секторына арқа сүйейді. Бұл салада сынақтан өткен тәжірибесі бар Қазақстан Конго операторларының акционерлік капиталына инвестиция салу арқылы пайда әкелуге қауқарлы. Еліміз мұнан өзге де ресурстарға, оның ішінде тау-кен орындарына бай. Мәселен, фосфат, калий Пуэнт-Нуар теңіз аймағында өте көп. газ, фосфат және сақардың мол қорына ие Конго бүгінде ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру үшін тыңайтқыш өндіру мүмкіндігін қарастыра алады", - деді Конго Президенті.Оның атап өтуінше, Конгода ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту үшін ауқымды тың жер, жас жұмыс күші, өнімді топырақ, мол күн көзі мен жауын-шашын бар."Даму жобаларын іске асрыу біздің қызметіміздің негізгі бағыттарының бірі саналады. Бұл ретте сөз су электр стансасы сияқты энергетикалық инфрақұрылымдар, жоғары технологиялық өнеркәсіп нысандары, заманауи кешендер, тұрғын үйлер салу жайында болып отыр", - деді Дени Сассу-Нгессо.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/02/46054138_118:0:1162:783_1920x0_80_0_0_485e491ab33fe99296451bc7d0380723.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, кездесу
қасым-жомарт тоқаев, кездесу
Дени Сассу-Нгессо Қазақстанды Конгоның мұнай секторына инвестиция салуға шақырды
АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздерден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингте Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо Қазақстанды Конгоның мұнай секторына инвестиция салуға шақырды.
"Менің елімінің экономикасы да Қазақстан сияқты негізінен мұнай секторына арқа сүйейді. Бұл салада сынақтан өткен тәжірибесі бар Қазақстан Конго операторларының акционерлік капиталына инвестиция салу арқылы пайда әкелуге қауқарлы. Еліміз мұнан өзге де ресурстарға, оның ішінде тау-кен орындарына бай. Мәселен, фосфат, калий Пуэнт-Нуар теңіз аймағында өте көп. газ, фосфат және сақардың мол қорына ие Конго бүгінде ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыру үшін тыңайтқыш өндіру мүмкіндігін қарастыра алады", - деді Конго Президенті.
Оның атап өтуінше, Конгода ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту үшін ауқымды тың жер, жас жұмыс күші, өнімді топырақ, мол күн көзі мен жауын-шашын бар.
"Даму жобаларын іске асрыу біздің қызметіміздің негізгі бағыттарының бірі саналады. Бұл ретте сөз су электр стансасы сияқты энергетикалық инфрақұрылымдар, жоғары технологиялық өнеркәсіп нысандары, заманауи кешендер, тұрғын үйлер салу жайында болып отыр", - деді Дени Сассу-Нгессо.