Жарылыс кезінде қатты күйіп қалған балалар тікұшақпен Алматыға жеткізілді

© Photo : Комитет по чрезвычайной ситуации министерства внутренних дел КазахстанаВертолет МИ-8 компании "Казавиаспас" комитета по ЧС, архивное фото
Вертолет МИ-8 компании Казавиаспас комитета по ЧС, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Қызылорда қаласында төтенше жағдай кезінде қатты күйіп қалған балалар тікұшақпен Алматыға жеткізілді. Бұл туралы денсаулық министрі Ақмарал Әлназаров әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Күйіп қалған екі бала 31 шілдеде шұғыл санавиация бортымен жеткізілді.
"Қызылорда облысында денесінің 75%-ке жуығын күйік шалған, аса ауыр жағдайдағы екі бала шұғыл түрде Алматы қаласының Балалар және шұғыл медициналық көмек орталығына жеткізілді. Пациенттердің жағдайы ауыр, барлық қажетті емдеу шаралары жүргізілуде", - дейді министр.
Айта кетері, төтенше жағдай 28 шілде күні кешкі уақытта болған. Әл-Фараби ауданындағы бір үйде газ жарылды. Жарылыстың қатты болғаны сонша, жеке меншік жермен жексен болды. Төрт жасөспірім – екі қыз бен екі ұл қатты күйіп қалды. Төртеуі ата-аналардың рұқсатымен облыс орталығына келіп, өзенге түскен.
Жаңалықтар
0