https://sputnik.kz/20240801/petropavlda-bukil-omirin-aleumettik-zhelide-zhariyalagan-student-qatty-okinip-qaldy-46026159.html
Петропавлда бүкіл өмірін әлеуметтік желіде жариялаған студент қатты өкініп қалды
Петропавлда бүкіл өмірін әлеуметтік желіде жариялаған студент қатты өкініп қалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 шілде - Sputnik. Петропавл қаласында бүкіл өмірін әлеуметтік желіде жариялап жүрген студент ұйымдасқан қылмыстық топтың құрбаны болды. Оны жалдамалы... 01.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-01T13:59+0500
2024-08-01T13:59+0500
2024-08-01T13:59+0500
әлеуметтік желілер
қылмыс
https://sputnik.kz/img/1109/89/11098939_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_f523c8c4a01915e95453b4e8ff44a4e3.jpg
АСТАНА, 1 шілде - Sputnik. Петропавл қаласында бүкіл өмірін әлеуметтік желіде жариялап жүрген студент ұйымдасқан қылмыстық топтың құрбаны болды. Оны жалдамалы күштеп ұстап, кредит алуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, қаланың төрт жас тұрғыны сотталды. Олардың қылмысы білім ошақтарында профилактикалық кездесулер өткізу кезінде анықталды.20-23 жастағы сотталғандарлың үшеуі бұрын сотталған. Ал жәбірленуші - 18 жастағы студент. Жас жігіт өз өміріндегі болып жатқанның барлығын әлеуметтік желілерге салып жүрген. Сөйтіп, қыомыскерлердің көзіне іліккен.Бір ретте жәбәрленушінің үйіне кезекті рет ақша алуға барғанда оны таппай қалған. Соған қарамастан, жалдамалы пәтерге кіріп, 70 мың теңге ақша мен гаджеттерді қуаттауға арналған аккумуляторды ұрлап кеткен. Бұдан бөлек, мас күйде басқа да қылмыстар жасады. Соның барлығы сотта қаралды.Студентке келген шығынның жалпы сомасы 400 мың теңгеден асады. Петропавл қалалық соты ұсталған төрт адамның үшеуін 8, 6 және 4 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Ал тағы біреуі 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1109/89/11098939_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_6700aacb7045b84f43fbc21da62632b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлеуметтік желілер, қылмыс
әлеуметтік желілер, қылмыс
Петропавлда бүкіл өмірін әлеуметтік желіде жариялаған студент қатты өкініп қалды
АСТАНА, 1 шілде - Sputnik. Петропавл қаласында бүкіл өмірін әлеуметтік желіде жариялап жүрген студент ұйымдасқан қылмыстық топтың құрбаны болды. Оны жалдамалы күштеп ұстап, кредит алуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, қаланың төрт жас тұрғыны сотталды. Олардың қылмысы білім ошақтарында профилактикалық кездесулер өткізу кезінде анықталды.
20-23 жастағы сотталғандарлың үшеуі бұрын сотталған. Ал жәбірленуші - 18 жастағы студент. Жас жігіт өз өміріндегі болып жатқанның барлығын әлеуметтік желілерге салып жүрген. Сөйтіп, қыомыскерлердің көзіне іліккен.
“Олар жәбірленушіні жалдамалы пәтерлерге заңсыз жолмен қамап қою арқылы ақша талап еткен, психологиялық қысым мен күш қолданылған. Мобильді қосымшалар арқылы қарыздар алғызып, несиелер рәсімдеуге мәжбүрлеген. Тіпті, соңғы үлгідегі iPhone маркалы ұялы телефонын 50 мың теңгеге сатып жіберген”, - дейді полицейлер.
Бір ретте жәбәрленушінің үйіне кезекті рет ақша алуға барғанда оны таппай қалған. Соған қарамастан, жалдамалы пәтерге кіріп, 70 мың теңге ақша мен гаджеттерді қуаттауға арналған аккумуляторды ұрлап кеткен. Бұдан бөлек, мас күйде басқа да қылмыстар жасады. Соның барлығы сотта қаралды.
Студентке келген шығынның жалпы сомасы 400 мың теңгеден асады. Петропавл қалалық соты ұсталған төрт адамның үшеуін 8, 6 және 4 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Ал тағы біреуі 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.