https://sputnik.kz/20240801/memlekettik-kasiporynnyn--buryngy-basshylygy-zhazadan-qutyldy--mulik-memleketke-qaytaryldy-46011213.html
Мемлекеттік кәсіпорынның бұрынғы басшылығы жазадан құтылды – мүлік мемлекетке қайтарылды
Мемлекеттік кәсіпорынның бұрынғы басшылығы жазадан құтылды – мүлік мемлекетке қайтарылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында прокуратурасы коммуналдық мүлікті заңсыз сату фактісі анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық... 01.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-01T10:21+0500
2024-08-01T10:21+0500
2024-08-01T10:21+0500
жамбыл облысы
прокуратура
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30979792_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_d42f4b718d2581d70eba5cb496ae16b9.jpg
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында прокуратурасы коммуналдық мүлікті заңсыз сату фактісі анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.Тергеу материалдарына сәйкес, 2008 жылы Талас ауданында "Игілік" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшылығы конкурс ұйымдастырмай, осы мекеменің өндірістік базасын тікелей үшінші тұлғаларға 270 мың теңгеге сатты. Бірақ базаның бағалау құны 30 млн теңге болған. 2022 жылы заңсыз меншік иесі несие алу үшін мүлікті микрокредиттік ұйымға кепілге салып қойған.Алайда прокурорлық қадағалау актісі негізінде Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әкімдіктің сатып алу-сату шарттары жарамсыз деп танылды. 2024 жылы мамыр айында апелляциялық саты бірінші сатының шешімін өзгеріссіз қалдырды.Сот актісі заңды күшіне енді. Мүлік мемлекетке толығымен қайтарылды.
https://sputnik.kz/20240726/elitaly-kottedzh-qalashygyn-saludy-kozdegen-ardagerler-sayabagy-memleketke-qaytaryldy-45894057.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/0a/30979792_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_6a254a91d433cc8e1810f0871aefb327.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, прокуратура
жамбыл облысы, прокуратура
Мемлекеттік кәсіпорынның бұрынғы басшылығы жазадан құтылды – мүлік мемлекетке қайтарылды
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысында прокуратурасы коммуналдық мүлікті заңсыз сату фактісі анықталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2008 жылы Талас ауданында "Игілік" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшылығы конкурс ұйымдастырмай, осы мекеменің өндірістік базасын тікелей үшінші тұлғаларға 270 мың теңгеге сатты. Бірақ базаның бағалау құны 30 млн теңге болған. 2022 жылы заңсыз меншік иесі несие алу үшін мүлікті микрокредиттік ұйымға кепілге салып қойған.
"2023 жылы осы факт бойынша жылы Талас ауданының прокуратурасы ҚК 362-бабының 4-бөлігі (лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану) бойынша кәсіпорынның бұрынғы басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған. Қылмыстық іс ескіру мерзімі өтуіне байланысты тоқтатылды", - дейді прокурорлар.
Алайда прокурорлық қадағалау актісі негізінде Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әкімдіктің сатып алу-сату шарттары жарамсыз деп танылды. 2024 жылы мамыр айында апелляциялық саты бірінші сатының шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Сот актісі заңды күшіне енді. Мүлік мемлекетке толығымен қайтарылды.