Астанаға 45-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының алауы жетті

© Пресс-служба правительства КазахстанаОгонь шахматной Олимпиады зажгли в Астане
Огонь шахматной Олимпиады зажгли в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2024
Жазылу
1-6 тамыз аралығында Астанада Рапид пен блиц бойынша командалық әлем чемпионаты өтеді
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Астанаға 45-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының алауы жетті. Алауды тұтату рәсімі 14 ақпанда Нью-Делиде өтті.
Ол бірнеше күннен кейін Будапештке жеткізіледі. Онда 10-23 қыркүйек аралығында 45-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы өтеді.
Алау эстафетасы FIDE халықаралық шахмат федерациясының 100 жылдығына және 45-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасын өткізуге арналған.
Оған премьер-министр Олжас Бектенов, FIDE Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович және Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов қатысты.
"Олимпиада алауы Қазақстанға FIDE отаны – Парижден келді, онда 20 шілдеде Дүниежүзілік шахмат күнінде ұйымның мерейтойы салтанатты түрде атап өтілді және қазіргі уақытта XXXIII жазғы Олимпиада ойындары өтіп жатыр", - делінген үкімет хабарламасында.
Салтанатты шара аясында Бектенов FIDE президенті Аркадий Дворковичтің қолынан Олимпиада алауын қабылдап, Тимур Турловқа табыс етті. Олимпиада алауын аты аңызға айналған әлемдік шахмат шеберлері, бірнеше дүркін әлем чемпиондары Магнус Карлсен мен Хоу Ифань тұтандырды.
"Олимпиада алауының Астана қаласында жағылуы – қазақстандықтар үшін зор мақтаныш пен мәртебе. Осындай жоғары деңгейлі іс-шара өткізу Қазақстандағы шахмат спортының одан әрі дамуына елеулі үлес қосады деп сенемін", — деп атап өтті Бектенов.
Аркадий Дворкович өз сөзінде биылғы 1-6 тамыз аралығында Астанада өтетін Рапид пен блиц бойынша командалық әлем чемпионаты туралы айтты.
"Астанаға чемпиондық атақ үшін бәсекелесуге әлемнің ең мықты гроссмейстерлері, оның ішінде әлемдік рейтингтің №1 ойыншылары, сондай-ақ қазіргі әлем чемпиондары келді. Бұл күндері біз көптеген қызықты партиялар мен тартысты текетірестерді тамашалайтынымызға сенімдімін!", — деп атап өтті Аркадий Дворкович.
Рапид пен блицтен FIDE командалық әлем чемпионатына 39 командадан тұратын әлемнің 315 үздік шахматшысы қатысады.
Астанаға жарысқа қатысу үшін қазіргі әлем чемпиондары Дин Лижэнь (Қытай) және Цзюй Вэньцзюнь (Қытай), шахматтан 16-шы әлем чемпионы Магнус Карлсен (Норвегия), әлемнің экс-чемпиондары Александра Костенюк (Швейцария) және Хоу Ифань (Қытай), әлем вице-чемпионы Ян Непомнящий (Ресей), Арджун Эригайси (Үндістан) және бірқатар атақты гроссмейстерлер келді.
Қазақстанның атынан Бибісара Асаубаева, Әлішер Сүлейменов, Дәрмен Сәдуақасов, Алдияр Аңсат, Меруерт Кәмәлиденова, Алуа Нұрман және басқа да көптеген танымал спортшылар шығады.
Жаңалықтар
0