Астанада шектеулер енгізіледі: мемлекеттік күзет қызметі үндеу жасады

© Мемлекеттік күзет қызметіАстанада шектеулер енгізіледі
Астанада шектеулер енгізіледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2024
Жазылу
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Астанада авткөліктер мен жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды мемлекеттік күзет қызметі.
Қоғамдық-саяси шараларды өткізуге байланысты, 7-10 тамыз аралығында қаланың жекелеген көшелерінде, негізінен Есіл (Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала даңғылы, Достық, Керей-Жәнібек хандары көшелері), Нұра (Тұран, Ұлы Дала даңғылы) және Алматы (Тәуелсіздік даңғылы, Ж.Нәжімеденов, Қ.Аманжолов көшелері) аудандарында көліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
"Дайындық аясында 3 тамызда бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді. Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай ақ Қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді", – делінген күзет қызметінің хабарламасында.
Осыған байланысты ведомство Астананың тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды.
Айта кетері, 9 тамыз күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі өтеді.
Жаңалықтар
0