https://sputnik.kz/20240801/aleumettik-salany-qarzhylandyruga-145-trillion-tenge-bolindi--duysenova-46035391.html
Әлеуметтік саланы қаржыландыруға 14,5 триллион теңге бөлінді – Дүйсенова
Әлеуметтік саланы қаржыландыруға 14,5 триллион теңге бөлінді – Дүйсенова
Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованы қабылдады 01.08.2024, Sputnik Қазақстан
2024-08-01T15:39+0500
2024-08-01T15:39+0500
2024-08-01T15:44+0500
қасым-жомарт тоқаев
әлеуметтік сала
тамара дүйсенова
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_4ddc7c868cc05a92f13e7e34ab439aab.jpg
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik.Тамара Дүйсенова әлеуметтік саланы қаржыландырудың жаңа әдістерін таныстырды.Оның айтуынша, бұл тәсілдер бөлінген қаржының шын мұқтаж жандарға жетуін, мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығын, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған.Ол осы салаға 14,5 триллион теңге бөлінгенін жеткізді. Бұл жалпы мемлекеттік бюджеттің 60 пайызын құрайды.Дүйсенова Отбасының цифрлық картасы арқылы көрсетілетін қызметтер азаматтардың әлеуметтік санатына қарай дербес ұсынылатыны туралы баяндады.Бүгінде әлеуметтік саланы цифрландырудың деңгейі қызмет алушыларды және оларға көрсетілген қызмет көлемін анықтап қана қоймай, мемлекеттік қолдау шараларының құрылымына түзету енгізуге мүмкіндік беретінін айтты. Ауыр тұрмыстық жағдайдағы отбасыларға арналған ұтымды әрі тиімді көмек шаралары әзірленеді.Білім беру, медициналық көмек сапасын арттыру және әлеуметтік нысандар құрылысы мен ауыл тұрғындарын қолдау бойынша үкімет тарапынан қолға алынған жобалар жайында мәлімет берді.Мемлекет басшысы қабылданған шаралардың маңызын атап өтіп, аталған ұсыныстарды қолдады. Сондай-ақ бұған дейін басталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.
https://sputnik.kz/20240730/astanadagy-aleumettik-osal-toptagy-otbasylardan-shyqqan-balalarga-qanday-komek-korsetiledi-45983867.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948646_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_7ef87660891fab34e7923c079ed4310f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, әлеуметтік сала, тамара дүйсенова
қасым-жомарт тоқаев, әлеуметтік сала, тамара дүйсенова
Әлеуметтік саланы қаржыландыруға 14,5 триллион теңге бөлінді – Дүйсенова
15:39 01.08.2024 (жаңартылды: 15:44 01.08.2024) Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованы қабылдады
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik.Тамара Дүйсенова әлеуметтік саланы қаржыландырудың жаңа әдістерін таныстырды.
Оның айтуынша, бұл тәсілдер бөлінген қаржының шын мұқтаж жандарға жетуін, мемлекеттік қолдау шараларының ашықтығын, сондай-ақ бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Ол осы салаға 14,5 триллион теңге бөлінгенін жеткізді. Бұл жалпы мемлекеттік бюджеттің 60 пайызын құрайды.
Дүйсенова Отбасының цифрлық картасы арқылы көрсетілетін қызметтер азаматтардың әлеуметтік санатына қарай дербес ұсынылатыны туралы баяндады.
Бүгінде әлеуметтік саланы цифрландырудың деңгейі қызмет алушыларды және оларға көрсетілген қызмет көлемін анықтап қана қоймай, мемлекеттік қолдау шараларының құрылымына түзету енгізуге мүмкіндік беретінін айтты. Ауыр тұрмыстық жағдайдағы отбасыларға арналған ұтымды әрі тиімді көмек шаралары әзірленеді.
Білім беру, медициналық көмек сапасын арттыру және әлеуметтік нысандар құрылысы мен ауыл тұрғындарын қолдау бойынша үкімет тарапынан қолға алынған жобалар жайында мәлімет берді.
Мемлекет басшысы қабылданған шаралардың маңызын атап өтіп, аталған ұсыныстарды қолдады. Сондай-ақ бұған дейін басталған жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.